05
April
2019
Ана - өмірдің гүлі" атты мерекелік іс - шара
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай 7 "А", "Ә" сынып жетекшілері Бишаева Жансая , Қалдарбекова Самалдың ұйымдастыруымен "Ана - өмірдің гүлі" атты мерекелік іс - шара мектеп директоры Г.Токбергенованың құттықтау сөзімен ашылды . Мектепішілік кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Қибаев үздік ұстаздарды құттықтай келе , Алғыс хат және аудандық кәсіподақ ұйымының сый - құрметін ұсынды .Ресми бөлім ұйымдастырушы сыныптың хормен орындаған "Ана" әнімен аяқталды. Сахна төріне мектепішілік ата - аналар кеңесінің төрағасы Алтаев Нұрлан шығып , ұстаз - аналар мен ару қыздарды құттықтай келе , мерекелік "Бәрі де ана ,бір өзіңнен басталады..." атты ән - шашуды тарту ретінде ала келгенін айтып өтті .Ол өз сөзінде : Елбасының тапсырмасына сәйкес , елімізде отбасылық рухани - құндылықтарды құрметтеуге көңіл бөлініп келетінін айтты .Отбасы мықты болса , мемлекеттің де іргесі мықты болады. Елбасы айтқандай "Мәңгілік ел" идеясын жүзеге асыру үшін дені сау , білімді ,өнерлі ұрпақ тәрбиелеу қажет . Рухани жаңғыру аясында айтулы іске отбасылық үлесімізді қоссақ , нұр үстіне нұр емес пе ?! деген ойын жеткізді . Халықаралық , республикалық қылқалам шеберлері арасындағы сайыстың жеңімпазы , аудандық тарихи - өлкетану музейінің суретшісі Алтаев Нұрлан - өмірлік серігі , көп балалы ана Әлила Бәкірқызымен бірлесіп , өткен жылы отбасылық ансамбль құрған болатын . Өмірін өнермен өрнектеген Н.Алтаев ансамбльдің елге танылуына барын салып жүр. Нұрлан домбырамен ән айтса , Әлила әуелете ән салып , мәнерлеп өлең оқып , әртістік шеберлігімен көрермендерді тәнті етіп келеді .Жарасымды сыйластық пен темірдей тегеурінді тәрбиені тең ұстаған Алтаевтар отбасы - Халықаралық 'Үлгілі отбасы - 2017 " байқауының жеңімпазы . Отбасының ұйытқысы , асыл ана ,аяулы жар Әлила Бәкірқызы 2018 жылы өтілген аудандық "Нарша оқулары" байқауының "Бас жүлде" иегері .Жұлдызы жанған Алтаевтар отбасы балаларын да өнерге баулып өсіруде .Ұлдары Елдос , Жандос , Нұрғиса - республикалық мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары .Үлкен ұлы Жандос баянды ,Елдос домбыраны шебер тартады.Жандос ,Нұрғиса, Ақжан - көркемсөз шеберлері .Өмірін өнермен өрнектеген Алтаевтар отбасына айтар алғысымыз шексіз✍