"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ" » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
» » » » "МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"
25
апрель
2018

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде этносаралық жəне конфессияаралық қатынастарды, қоғамдық келісімді нығайту жəне этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту мақсатында "МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ" атты дәріс сағаты 6 "Б" сынып жетекшісі Қалдарбекова Самалдың ұйымдастыруымен славян ұлтының өкілдері Кофлер Нина, Кофлер Надеждамен өтілсе, 5 "Б" сынып жетекшісі Əбдібек Айдананың үйлестіруімен сынып сағаты күрді ұлтының өкілі Аюпова Мүрдесимен жоғары деңгейде өтілді. Кездесу барысында славян ұлтының өкілдері Кофлер Надежда сөз алып, туып - өскен мекені Қаратау қаласында өз ұлтының салт-дәстүрін, мәдениетін ұстана отырып, қазақ елінің ұлты мен дінін, тілі мен ділін құрметтейтінін, бір шаңырақ астында өзара татулықта ғұмыр кешіп отырғанын тебірене жеткізді. Оқушылардың тарапынан берілген сұрақтарға ерекше ықыласпен жауап беріп жатты. Сонымен бірге 5 "Б" сынып сағатына кездесуге қатысқан күрді ұлтының өкілі Аюпова Мүрдеси сөз алып, өз әулетінен 40 ұстаз шыққанын, болашақтың тұтқасын қалайтын жас ұрпақ тәрбиесінде өзінің өмірге әкелген үш қызының бірі - қазақ тілі, бірі - ағылшын тілі, бірі - информатика пәнінен дәріс беретінін мақтанышпен айта келе, əр жыл сайын білім ұяларында өтілетін "Достық фестивалінде" күрді ұлтының салт-дәстүрі мен өнері насихатталып жүргені жанын жадыратыны туралы айтып, қазақ елінің салт-дәстүрі мен мәдениетін қолдайтынын жəне де көршілерімен туыс-бауырдай араласып, өте тату тұратынын тебірене жеткізді. Іс-шара барысында оқушылар кездесуге келген ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен өнерлерін, ақындардың өлең-жырларынан үзінділерді мəнерлеп жатқа оқып, өзге ұлт өкілдерінің ризашылығына бөленді. Оқушылардың "БІРЛІК БІЗДІҢ - ҚАСИЕТТІ ТУЫМЫЗ!" деп жүрек жарды сезімдерін қуанышпен жеткізуі - ҰЛЫ ДАЛА Елінде бір шаңырақ астында өзара бірлікті, татулықты ту көтеріп, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай бірлігі жарасып, ғұмыр кешіп жүргенінің айшықты дәлеліндей болды. Бірлік елдің - салты.

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

 

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

 

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

 

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

 

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

 

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

 

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

 

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

 

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

 

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"

 

"МƏҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ"