Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
» » Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы
15
ноябрь
2023

Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына - 130 жыл толуына орай "Мағжанның мәңгі мұралары" атты таным сағатын 6"Ә" сыныбында , орыс тілі пәнінің мұғалімі , педагог - зерттеуші Байболатова Тұрсынкүл Мейрамханқызы талапқа сай өткізді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында .
Тәрбие құндылығы : Ұлттық мүдде .
Мақсаты : Мағжан ақынның рухты шығармаларын арқау ету арқылы білім алушылардың таным деңгейін ұштау .
Тұрсынкүл Мейрамханқызы , ойшыл ақынның халыққа білім беру мәселелері туралы құнды еңбектері ; аударма саласына айрықша мән бергенін айта келе , Гете мен Гейненің, Лермонтов пен Блоктың өлеңдерін, М. Горький мен Д. Мамин - Сибиряктің әңгімелерін мен өзге ақын - жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударғаны туралы жеткізуі құнды болды .
Ел тарихын терең білген Мағжан ақынның «Батыр Баян» , «Қорқыт» , «Оқжетпестің қиясында» , «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» поэмаларын, жастардың рухын көтеретін «Мен жастарға сенемін!» өлеңін жазғанын жеткізді .
Алаш азаматтарының өлшеусіз еңбегін бағалап , мол мұрасын зерделеу - бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.