05
январь
2018
Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары
[/center]Д.А.Қонаеватындағы орта мектебінде өткізілген Қамқоршылық кеңесі отырысының
№ 3 хаттамасы
№ 3 хаттамасы
Қаратау қаласы 29.12.2017 жыл
Күн тәртібінде:
1.Мектептегі аз қамтылған отбасы балаларына қаражаттың жұмсалуы туралы есебі.
2.Материалдық - техникалық базаны нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелерді Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Алтаев атап көрсетіп ,таныстырып шықты.
1.Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша Г.Тастанбекова - әлеуметтік педагог сөз алды: 2017 жылдың тамыз - қыркүйек айында «Мектепке жол -2017» атты республикалық акция шеңберінде бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілген «Мектепке жол» акциясында: 9 мекеме,Қаратау қаласының әкімшілігінің ықпал етуімен 34 балаға көмек көрсетілді.Аталған мекемелер200,000 (екі жүз мың) көлемінде қаржылай көмек берді.Түскен қаражатқа 23 оқушыға: мектеп формасы,спорт тық киімдер алып берілді және «КМФ» мекемесі көп балалы,аз қамтылған отбасынан10 оқушыға оқу құралын берді.Барлығы: 100,000(жүз мың) теңгені құрады.
Қаратау қаласының әкімі К.Серимов мектептің 4«А» сынып оқушысы Күзембай Мейірланға мектеп формасы мен ақ көйлек алып берді.Игілікті істен
Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі тыс қалған жоқ.Білім бөлімінен 35оқушыға материалдық көмек берілді.Аз қамтылған отбасы балалары демеушілердің көрсетілген көмек:мектеп формасы,оқу құралдарына дән риза болды.
Облыс әкімінің шыршасына жартылай жетім,6«Б» сынып оқушысы Д.Төлеубекқызы барып, қысқы мезгілде киетін куртка,бір сөмке тәтті алды.
Талас ауданы әкімінің шыршасына - жартылай жетім,аз қамтылған отбасы балалары Ә.Құлбек,А.Әтірбек,Д.Орал,Н.Әміребек,Н.Қасымов,Ж. Қасымбек, Р.Абдурахманов барып,қысқы мезгілде киетін қыстық куртка,бір сөмке тәтті алып қайтты.
2017 жылдың 20 - 30 желтоқсан аралығында «Жаңа 2018 жыл» мерекесіне орай, аз қамтылған, ата - ана қамқорлығынан айырылған балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында «Тілектер шыршасы»акциясы өткізілді.
«Қамқоршылық» кеңесі мүшелері нің ықпал етуімен қорға түскен 7000 /жеті мың /теңгеге 6«Б» сынып оқушысы Қуаныш Аяулым Қанатқызының қалауы бойынша «Ролик» аяқ киімі берілсе, үйден оқытылатын 4 «Ә» сынып оқушысы Рысбек Еркебұлан Аханұлына демеушілік жасаған кәсіпкер Махан Айжан 5000 теңгеге /бес мың /«Үстел үстіндегі футбол» ойыншығы мен бір қорап тәттілер сатып алып берді. «Тілектер шыршасы»акциясында жиналған қаражат көлемі13000/он үш мың/ теңгені құрады.Жоғарыда көрсетілгендей, қаражат балалардың игілігіне жұмсалды.
2.Күн тәртібіндегі 2 - мәселе бойынша С.Түменбаева - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз алды: мектепте «Рухани жаңғыру» кабинетінің жабдықталуына байланысты қаражат көзін қарастыруды,демеушілер арқылы іске асырмаса болмайтындығын айтып өтті.
Сөйледі:Н.Алтаев-қамқоршылық кеңесінің төрағасы .
Мектепте «Рухани жаңғыру» кабинетінің жабдықтауға қажетті қаражат көзін демеушілік көмек арқылы жүргізіп,кәсіпкерлерге хат тарату айтып өтті. Өз атынан «Рухани жаңғыру» эмблемасын жасап беретінін айтты.
Ұсыныс:
1.Мектептегі аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету жұмыстары жандандырылсын.
2.Мектепте «Рухани жаңғыру» кабинетінің жабдықтау жұмыстарын демеушілер арқылы ұйымдастыру жүзеге асырылсын.
1. Алтаев Нұрлан Талас аудандық тарихи - өлкетану музейінің суретшісі,төрағасы
2. Жарас Мадина «Талас тынысы» газетінің бөлім меңгерушісі,төраға орынбасары
3. Түменбаева Сәуле Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,хатшы
4. Сәрсенбаев Әсет Мектеп инспекторы,мүшесі
5. Құлназар Әбнұр ҚГТК білімгері, мүшесі
6. Усманова Алмаш Ата - аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі,топ мүшесі
7.
Тастанбекова Гүлжан
Әлеуметтік- педагог,мүшесі
8.
Кеңес Назерке
Педагог - психолог, мүшесі
9.
Битенова Дина
Педагог- психолог, мүшесі