ҚЫЗ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі! » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚЫЗ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!
10
апрель
2024

ҚЫЗ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!

ҚЫЗ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған қыздар жиналысы өтті .
Мектеп директоры Г.Токбергенова , "Аналар" кеңесі төрайымы Т.Байболатова қыздармен пікір алмасып , сұқбат барысында қыздардың көзқарасын бағамдап , кеңес беруі құнды болды .
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түменбаева сөз алып , қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі . Қыз тәрбиесіне терең көңіл бөлген ұлт - қыз тағдырын бағамдайды дей келе , ұлттық құндылықты ұстануға , албырт сезімге бой алдырмауға шақырды .
Мектеп медбикесі Джанбаева Эленора сөз алып , ерте жүктіліктің салдары , физиологиялық тұрғыдан - жас ағза оған дайын еместігін тілге тиек етті .
Мектеп психологі Шарипова Алмагүл сөз алып , қыз баласының анасына жақын болуға , ішкі сырымен ой бөлісуі қажет деді
Көз - бұлақ , көңіл - сынап деген . Ұлт болашағының бастауы - қыз тәрбиесінде кеш қалмайық !