«Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы» атты кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған қыздар жиналысы » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы» атты кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған қыздар жиналысы
05
октябрь
2022

«Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы» атты кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған қыздар жиналысы

ҚЫЗ тәрбиесі - ҰЛТ болашағы!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы» атты кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған қыздар жиналысы талапқа сай өтті .
Қыздар жиналысына Талас аудандық алдын алу орталығының психологтары Байдарбекова Аида Әбілхасқызы , Елубаева Әйгерім Мұхтарқызы , мектеп әкімшілігі , 8 - 11сынып қыздары қатысты .
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сәуле Әбдірахманқызы сөз алып , қыз тәрбиесі - ұлт болашағы . Қыз тәрбиесіне терең көңіл бөле білген ұлт - өз тағдырын , өз жолын бағамдай біледі дей келе , ұлттық рухани құндылықтарды ұстануға , қыз қылығымен қымбатты деп , боямасыз өмірде албырт сезімге бой алдырмай , өкінішсіз ғұмыр кешуге бағыт берді .
Талас аудандық алдын алу орталығының психологі Аида Әбілхасқызы сөз алып , ерте жүктіліктің салдары , физиологиялық тұрғыдан - жас ағза оған әлі дайын еместігін тілге тиек етті . Әлеуметтік тұрғыдан , бей - берекет ерте жыныстық қатынасқа түскен қыз баланың алдындағы кездесетін қиындықтар туралы айтып өтті .
Талас аудандық алдын алу орталығының психологі Әйгерім Мұхтарқызы өз баяндауында , ерте жүктілік - бұл жыныстық тәрбие туралы білімнің жеткіліксіздігінен туындайтыны , қыз баласының анасына жақын болуына , жан сырымен ой бөлісуі қажет деп ойын жеткізді .
Алдын алу орталығының психологтары А .Байдарбекова , Ә . Елубаева 8 -11 сынып қыздарының қатысуымен психологиялық тренингтер жүргізіп , сұқбат барысында , қыздардың көзқарастарын бағамдап , маман кеңесін беруі құнды болды .
Көз - бұлақ , көңіл - сынап деген . Боямасыз өмірде , шағылмайтын жаңғақ , шешілмейтін жұмбақ жоқ . Ендеше , ұлт болашағының мөлдір бастауы - қыз тәрбиесінде кеш қалмайық !
«Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы» атты кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған қыздар жиналысы