05
октябрь
2022
ӨМІР - қымбатсың маған «Өмірге терең үңіліп , сыры мен қырын меңгерудің жолы - ең алдымен ішкі жан дүниеңе сапар шегумен басталады» . Сократ
ӨМІР - қымбатсың маған
«Өмірге терең үңіліп , сыры мен қырын меңгерудің жолы - ең алдымен ішкі жан дүниеңе сапар шегумен басталады» . Сократ
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелерінің қатысуымен «Өмір қымбатсың маған» және «Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында жедел - профилактикалық іс - шара талапқа сай өтті.
«Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелеріне - өмірдің рухани құндылығы туралы тереңірек білім беру , өмірдің мәнін түсінуге, өмірге деген құштарлықты ояту арқылы «Өмір қымбатсың маған» және «Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу жолдары» туралы пікір алмасуға бағытталған жедел - профилактикалық іс - шараға ТАОА психологі А.Байдарбекова, Талас ауданы әкімдігінің ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің ювеналдық полиция тобы капитаны Ж.Ж.Көпжасаров , мектеп әкімшілігі қатысты.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Түменбаева сөз алып , «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, оларға қарсы сипаттағы қылмыстың және өзіне - өзі қол жұмсаудың алдын алу барысы» атты баяндауында «Мектептің қауіпсіздік командасы» бойынша балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы құрылып, іс - шара жоспары бекітілгені; жалған ақпарат тарату - ҚР Қылмыстық кодексінің 274 - бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Педагог - психолог А.Шарипова. «Өмірдің рухани құндылығы» атты баяндауында , өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре келе, бақытты өмір сүру үшін өзін - өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелеу арқылы өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу , түзетуге бағыт беру, сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу туралы айтып, психолог кеңесін жүргізді.
ТАОА психологі А.Байдарбекова «Өмір қымбатсың маған» баяндауында «Суицидтік мінез - құлық өзіндік психологиялық ерекшеліктері және оның алдын алу шаралары» туралы ой бөлісе келе , суицид - тығырықтан шығар жол емес , - деп психолог кеңесін үйлестіріп, адамның психологиялық саулығы туралы айтты. «Жасөспірімдерді жаман әдеттерден алдын алу жолдары» туралы айта келе , «Өмір қандай тамаша» атты тренинг жүргізуі сәтті шықты.
Талас ауданының әкімдігінің ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің ювеналдық полиция тобы капитаны Ж.Ж.Көпжасаров «Заңды білу - уақыт талабы» атты баяндауында: ҚР ӘҚБ тК 442 бабы, түнгі 22.00 - ден кейін заңды өкілдерінсіз жүрмеуге, мейрамхана .т.б жерге бармау туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Мектеп оқушылары өздерін толғандырып жүрген сауалға жауап алды.