10
апрель
2024
әжік - Ауған ақиқаты «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» .
Тәжік - Ауған ақиқаты
«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» .
Н.Карамзин.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , «Тәжік - Ауған ақиқаты» тақырыбында ақпарат сағатын Алғашқы әскери және технологиялық - дайындық пәнінің оқытушысы Сарсеков Рашид , 6 «А» сыныбының жетекшісі Сабденбекова Жания өткізді. Ақпарат сағатына мектеп әкімшілігі , 6 «А» ,10 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Ақпарат сағатында , Тәжік - Ауған соғысы туралы мәлімет беру, Тәжік - Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету , есімдерін қастерлеу арқылы жауынгерлердің ерлігін үлгі ету көзделді.
Жүргізушілердің хабарламасынан соң , Мемлекеттік гимн орындалды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес ,1993 - 1999 жылдары бұрынғы Ішкі әскердің , Ұлттық ұландық жедел мақсаттағы әскери бөлімінің 2 мыңнан аса офицері мен сарбаздары - Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірлескен батальонында ТМД сыртқы шекараны қорғау үшін Тәжік - Ауған шебінде бітімгершілік міндеттерін атқарады.
1995 жылдың 7 сәуірі - Ел тарихында қаралы күндердің бірі болып қалды. 29 жыл бұрын Тәжікстан Республикасы Пшихавр таулы шатқалында , әскерилер мен моджахедтер арасында 4 сағаттан аса уақытқа созылған ауыр ұрыс болады ...
11«А» сынып оқушысы Сералиева Анар «Ер есімі - ел есінде» тақырыбында Тәжік - Ауған соғысы туралы баяндама оқыды.
Тәжік - Ауған шекарасындағы қанды соғыста жауқазын ғұмырлары үзілген жауынгерлерді еске алуға 1 минут үнсіздік берілді.
Тәжік - Ауған шекарасында болған қанды қақтығыс негізінде түсірілген «Қазбат» кинокартинасынан үзінді көрсетіп , білім алушылар көзқарасын ортаға салды.
6 «А» сыныбы көркемсөз оқушылары «Ерліктің өшпес алауы!» атты әдеби - поэтикалық монтажды мәнерлеп оқыды.
Ерлік өшпейді , ол уақыт өткен сайын айбындана түседі. Отанның қауіпсіздігі жолында жас жанын жалау еткен - Есіл ерлер әрқашан ел есінде.
Жауынгерлердің атқарған істері - мәңгілік құрмет биігінде!
Ерлік ұмытылмайды!
Birtutas Tarbie
Жамбыл Облысы Оқу-әдістемелік Орталық
Талас Ауданы Білім Бөлімі
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі