«Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбындағы кездесу » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбындағы кездесу
21
апрель
2022

«Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбындағы кездесу

Ауғанның асуында от кешкендер!
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолы - өнеге боп,
Ауғандық ардагерлер асқан бағаң ! - деген өлең жолдарының куәсі ретінде , Ауған жерінде батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз - Байғазиев Әділ , Сәрсеков Талғат Еркінбекұлы - Қаратау қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" пәнінің мұғалімі Мукан Темирханның ұйымдастыруымен , 5 "Б" сынып жетекшісі Талқанбаева Айманның үйлестіруімен өткізілген Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай, «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбындағы кездесуге қатысты.
Кездесу кешінде алғы сөз алған тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы : Бұл күн - «Интернационализм...» деген саяси науқанның құрбанына айналып , тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей , өзегіне өкінішін жасырған күн! Бұл күн - біздер үшін қайғы болып қатталып , қасірет болып жатталып қалса да, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір күні - бейбіт өмірдің бесігінде тербеліп, әрбір үйдің түтінінің түзу шыққанын тілейтін , ой - санада қанмен және термен жазылған күн болып қала бермек дей келе , Ауғандық ардагерлерге қатарларының сиремей, елдің рухын көтеріп, аман - есен жүріңіздер деп игі тілегін арнауы сәтті шықты.
«Тәуелсіздік толғауы» әнін , ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тоқбаева Раушан әуелете ән жолдаса , 7 «Б» сынып оқушысы Айтымбет Жұлдызай «Қара жорға» биін мың бұрала билеп, кеш шырайын аша түсті.
Ауған соғысы - 1979 жылдың 25 желтоқсанда КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс .
Ауған соғысында қыруар қаржы шығындалды , мыңдаған өмір қиылды, Кеңес әскеріне елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?!
«Ауған соғысы : отқа оранған он жыл» атты бейнебаяннан үзінді көрсетілді.
Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестердің құрметіне , бүгінімізді ертеңге жалғайтын, жалындаған жас өркендер 5 «Б» сыныбының көркемсөз оқушылары «Ауған - сөнген шоқ , өшкен арман, тек сенен есте қалған...» атты әдеби - поэтикалық монтажды мәнерлеп жатқа оқыды.
Математика пәнінің мұғалімі Оңласын Әділ «Жаса, қазағым» әнін әуелете шырқап, көрермендерді патриоттық рухқа бөлеуі құнды болды.
Ауған салған жара - жүрек түкпірінен өшпейді . 10 «А» сынып оқушысы Сейсенбек Нурислам, сыныптастарымен бірге, ақын М.Сергеевтің «Жауынгер хаты» өлеңіне композициялық қойылым көрсету арқылы Ауғанның асуында от кешіп, қоршауда қалған жауынгердің ішкі жан тебіренісін шебер сомдай білді.
Ауғандық жауынгерлер Байғазиев Әділ, Сәрсеков Талғат Еркінбекұлымен «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» айдарымен сұхбат жүргізілді . Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиға тізбегінде, өз басынан өткерген Ауғандық жауынгердің айтары да, оқушыларға берер патриоттық тәлім -тәрбиесі де мол болды.
Ауған жеріндегі сұрапыл сұм соғыста от пен оқтың арасында жүріп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Ауғандық жауынгерлерге , мектеп ұжымының атынан Алғыс хатты тапсырылып, сый - құрмет көрсетілді.
7«Ә» сынып оқушысы Асылхан Сымбаттың орындауындағы «Алғыс» әнін, 5«Б» сынып оқушылары Қалдан Алуа, Сәкенұлы Дарханның орындауындағы «Мерекем» әнін көрермендер жылы қабылдады.
- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың ,
Ауғандағы азап шеккен арыстар , - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, уақыт заңдылығына сәйкес, жарасымды жалғасын таба береді...
Ерлік - елдің туы. Ер қуаты - қару болса, ел - қуаты сақадай сарбаздары. Отан алдындағы борышын адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағында тәуекелге бел буып, азаматтық борышын өтеп келген Ауғандық ардагерлердің - ерен ерлігі мен азаматтық ұстанымдары жас ұрпаққа үлгі - өнеге!
Кішілік пен кісілік - ұлылықтың белгісі!
«Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбындағы кездесу