"Ауғанның асуында от кешкендер" » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ауғанның асуында от кешкендер"
15
февраль
2018

"Ауғанның асуында от кешкендер"

Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай "Ауғанның асуында от кешкендер" атты Ауғандық жауынгерлер Сəрсеков Талғат, Байғазиев Əділханмен кездесу өтілді. Кездесуге мектеп ұжымы, 5 -11 сынып оқушылары қатысты. Жиын Ауған жерінде ерлікпен қаза тапқан, мектеп түлегі Мұсаев Қанатты бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. 6 "ə" сынып оқушылары Ауғандық жауынгерлермен сыр - сұхбат жүргізді.Талғат Еркінбекұлы мектеп оқушыларын тегеуріні мықты тәрбиеге бас июге, "Рухани жаңғыру "аясында туған жерді құрметтеуге шақырды. Сыр мен сезім үйлесім тапқан кездесуде 6 "ə" сынып оқушылары арнау өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Мектеп ұжымының шешімімен Ауғандық жауынгерлер Ауған жерінде ерліктің ерен үлгісін көрсеткені және де Қаратау қаласының өсіп - өркендеуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Мектеп директоры Г.Токбергенова сөз алып, Ауғандық жауынгерлерге: болашағы жарқын, арманы асқақ, жалынды жастармен Мәңгілік елдің баға жетпес бақытты күндерінде жүздесейік деп ұжымның атынан алғысын жеткізді. Ерлік ешқашан ұмытылмайды.

"Ауғанның асуында от кешкендер"

 

"Ауғанның асуында от кешкендер"

 

"Ауғанның асуында от кешкендер"

 

"Ауғанның асуында от кешкендер"

 

"Ауғанның асуында от кешкендер"

 

"Ауғанның асуында от кешкендер"

 

"Ауғанның асуында от кешкендер"

 

"Ауғанның асуында от кешкендер"