«Балауса» жазғы демалыс лагерінің ашылуына орай «Жазды қуанышқа толтырайық!» атты іс - шара өтті. » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балауса» жазғы демалыс лагерінің ашылуына орай «Жазды қуанышқа толтырайық!» атты іс - шара өтті.
19
июнь
2024

«Балауса» жазғы демалыс лагерінің ашылуына орай «Жазды қуанышқа толтырайық!» атты іс - шара өтті.

Жазды қуанышқа толтырайық!
«Асқақ арман ғана адамды асқарларға жетелейді».
Жәди Шәкенұлы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі жанынан құрылған «Балауса» жазғы демалыс лагерінің ашылуына орай «Жазды қуанышқа толтырайық!» атты іс - шара өтті.
Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану , цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру , топта бірге кітап оқу арқылы таным деңгейлерін ұштау , ағылшын тілін меңгерту арқылы шығармашылық әлеуетін арттыру , зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған шахмат ойнату арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін ұштау , денсаулықтарын нығайтуға және шынықтыра білуге үйрету көзделді.
«Балауса» жазғы лагерінің ашылуына орай мемлекеттік гимн орындалды.
«Балауса» лагерінің ашылуында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түменбаева, құқықтық тәрбие тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мустафин, Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Б.Ибраймова құттықтау сөз сөйледі.
Аға тәлімгер , жазғы демалыс алаңының жетекшісі А.Қазбекова «Балауса» жазғы лагерінің ашылу салтанатына - «Сұңқар» және «Тұлпар» топтарының дайын екендіктері туралы хабарлама жасады.
Жазғы алаң жетекшісі Алтынай Казбекова сөз алып , «Бұлақ көрсең , көзін аш» демекші, жазғы демалыс алаңында балалардың рухани дүниесін кеңейтіп , таланттарын шыңдап, өнермен қанаттанып қайтуына барынша күш саламыз деп сенім білдірді.
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? », - деп дана ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай, лагерь демалушылары әсем әндері мен сырлы билерін тарту етті.
"Орталық саябақта" жазғы лагерь демалушыларына қайырымдылық қоры есебінен балмұздақ таратылды .
Қадірлі, Лагерь демалушылары!
Жазғы лагерде әрбір күндерің - рухани демалыс орталығына айналып, өнерге, адал достыққа үндей берсін!
Барлық игілікті іс - балаларға арналады .
Үйлестірушілер - Алтынай Қазбекова , Жазғы алаң жетекшісі .
Балкия Ибраимова - Жазғы алаң ісін ұйымдастырушы
Махадиева Әйгерім - топ жетекшісі
Айнур Айдапкелова - топ жетекшісі