ТӘРБИЕ - қоғамдық құбылыс! » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘРБИЕ - қоғамдық құбылыс!
24
май
2022

ТӘРБИЕ - қоғамдық құбылыс!

ТӘРБИЕ - қоғамдық құбылыс!
«Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту» . Әл - Фараби
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , оқу жылының аяқталуына бағытталған жалпы ата - аналар жиналысы талапқа сай өткізілді.
Ата - аналар жиналысына : Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Н.Арип , мектеп әкімшілігі , ата - ана кеңесінің төрайымдары мен мүшелері , сынып жетекшілері қатысты.
Ата - аналар жиналысында , 2021 - 2022 оқу жылын аяқталуына орай , «Жазғы мектепте» 26 мамыр - 17 маусым аралығында өткізілетін , пандемия салдарынан білім саласында туындаған олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру туралы нұсқаулық таныстырылды.
Педагог - психолог А.Шарипова «Баланың бас ұстазы - ата - ана» тренингін ата - аналармен жүргізіп , қауіпсіз қалада - бала бақылауда болуы қажеттілігі туралы ата - аналармен сұқбат жүргізуі құнды болды.
Қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге» , - деп айтқандай, «Балаларды қорғау» жылы аясында , балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы , «Жұрындысай» жазғы сауықтыру лагері және мектеп жанындағы жазғы лагерге оқушыларды қамту , оқушылардың өмір қауіпсіздігін бағамдау барысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түменбаева жеткізді.
Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе 2022 - 2023 оқу жылында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түменбаева слайд арқылы таныстыра келе , ата - аналар мен сынып жетекшілеріне орындалуын тапсырды.
Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Н.Арип өз сөзінде , Әкімшілік құқық бұзушылық туралы айта келе ,127- баптағы, Ата - ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы - жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны; 442 - баптағы, Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын - сауық мекемесінде болуы - заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы бағыт берді.
Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Д.Байғазиев өз сөзінде , ата - аналарға : жаз мезгіліндегі : өрт, судағы қауіпсіздік ережелері, жолда жүру ережесі туралы ескерту жұмыстарын үйлестірсе, педагог- психолог Д.Битенова сөз алып, ата - аналарға слайд арқылы: бала қауіпсіздігін бағамдап, қауіпсіздік ережелері, жолда жүру ережесі туралы ескертіп , жадынама таратты.
Қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп - отбасы !
ТӘРБИЕ - қоғамдық құбылыс!