21
апрель
2022
«Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі» тақырыбында ата - аналар жиналысы талапқа сай өткізілді .
ұлғаны қалыптастырудағы отбасының ықпалы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу , оны болдырмау айлығы» айлығы шеңберінде , 09.02.2022 жылы 1 - 11 сынып оқушыларының ата - аналар кеңесінің төрайымдарының қатысуымен «Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі» тақырыбында ата - аналар жиналысы талапқа сай өткізілді .
Ата - аналар жиналысына арнайы шақырылғандар Ілес Нұрұлы - аудандық ата - аналар кеңесінің төрағасы , Данагүл Молдабаева - аудандық аналар кеңесінің төрайымы және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле , құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байғазиев Данияр , педагог - психологтар Шарипова Алмагүл , Битенова Дина , әлеуметтік - педагог Тастанбекова Гүлжан , 1 - 11сынып жетекшілері .
Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша , білім ұясының педагог - психологы Шарипова Алмагүлдің «Құқықтық тәрбиенің тиімділігі» атты психолог кеңесін жүргізіп , ата - аналарға «Тұлғаны қалыптастырудағы отбасының ықпалы» атты кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бойындағы қылмыстық іс - әрекет пен қатыгездіктің себебін анықтауға бағытталған бірқатар әлеуметтік сауалдар қойып , ата - аналардың шынайы жауап берулері маңызды болды .
«Тәрбие - қоғамдық құбылыс» тақырыбында өз көзқарасын бағамдау үшін аудандық ата - аналар кеңесінің төрағасы Ілес Нұрұлы сөз алып , қаңтар айындағы қоғамда орын алған оқиғаның мән - жайы туралы айта келе , балғын шақтан - көгілдір экрандағы атыс - шабысқа толы , қан төгіс , кісі өлтіріп жатқан көріністер , компьютерлік ойындар - балалардың ой - санасын улап отырғаны; баланың жүйкесіне салмақ салар көріністен жүйкесі тозған , қатыгез жандардың - өзгенің өміріне қауіп төнгізгені туралы телеарнадан
көргені ; баланың жүрегі мейірімге толы , парасатты болып өсуінің негізі , ата - ананың отбасындағы тәрбиесіне байланысты деп бағыт беріп , ата - аналарға түсіндіру жұмысын жүргізуі құнды болды .
«Ұлдың ұяты - әкеге , қыздың ұяты - шешеге» тақырыбы аясында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Данагүл Молдабаева сөз алып , өмірден түйген тағылымы терең тәрбие иірімдері туралы ой бөлісе келе « Рухани - адамгершілік және жыныстық тәрбие берудегі отбасының рөлі» шеңберінде , ата - аналарға : қыз баласының - боямасыз өмірде шалыс қадам баспауына , кешкі уақытта үйден шықпауына , бейтаныс жандармен әлеуметтік желіде отырмауына ықпал етуін ескертіп , қыз баланың бойында әдепті, мейірім - шапағатты, ақыл - парасатты, сабыр - салмақты болуға , талғаммен киінуге, сөз саптауын, жүріс - тұрысы мен ибалы да иманды болуға бағыт беруі құнды болды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле сөз алып, «Бала қауіпсіздігі - басты назарда!» атты баяндауында «Мектеп - ата - ана, оқушы» үш арнаның тоғысуының нәтижесінде, тамыры терең тәрбие тереңге тартатыны, баланың - жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, солай иілетіні, ертең есейгенде, жас кезінде алған тәрбиесі - өміріне негіз болады, - дей келе, ата - аналарға : отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылыққа жол бермеуге , бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ; бала үйде, көшеде, көлікте жалғыз қалғанда, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірудің және қатыгездік жасаудың алдын алуға, баласының пікірі мен көзқарасын құрметтеуге және бала тәрбиесіне бей - жай қарамауды тапсыруы сәтті шықты.
Құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байғазиев Данияр сөз алып , оқушылар арасында жұқпалы аурудың таралуының алдын алуға бағытталған «Пфайзер вакцинанасын» егу барысы жайында түсіндіру жұмысын жүргізіп, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу қажеттілігін айта келе, КВИ-ге қарсы бағытталған «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасын енгізген соң, медициналық бақылаудың жүргізілетіні және 12 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге салып отырғаны ; қазіргі таңда , вакцина алған оқушылардың сабаққа толық қатысып , барлығы қалыпты жағдайда екендігі , орындалу барысы туралы түсіндірме жұмысын жеткізуі нақты болды.
Балалардың өмір қауіпсіздігі мен құқығын қорғау, қоғамдық ортаға сай әлеуметтендіру , балалардың азаматтық позициясын қалыптастыру , рухани - адамгершілік , патриоттық рухта тәрбиелеу - баршаның міндеті .