05
октябрь
2022
«Өмір - теңіз , жүзем онда демеңіз , ізгіліктен жасалмаса кемеңіз». Рудаки Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «Азамат» ұлдар
ӨМІР - ҮЛКЕН ЖОЛ
«Өмір - теңіз , жүзем онда демеңіз , ізгіліктен жасалмаса кемеңіз». Рудаки
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «Азамат» ұлдар кеңесі мүшелерімен «Ерлердің репродуктивті денсаулығы» және «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында жедел - профилактикалық іс - шара талапқа сай өтті.
Өмірге деген бейімділік , табандылық, бір - бірімен қарым - қатынас машығын қалыптастыруға бағытталған психологиялық - педагогикалық ағарту жұмысына - ТАОА ерлер бөлімінің фельдшері Ж.Әбделиев , Талас ауданы әкімдігінің ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің ювеналдық полиция тобы капитаны Ж.Ж.Көпжасаров, мектеп әкімшілігі қатысты.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Түменбаева сөз алып, «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың , оларға қарсы сипаттағы қылмыстың және өзіне - өзі қол жұмсаудың алдын алу барысы» атты баяндауында «Ерекше назардағы оқушылардың» әлеуметтік жағдайының анықталып , сыныптың әлеуметтік паспорты жасалғаны; «Түнгі рейд» барысында кәмелетке толмағандар арасында қаңғыбастықтың алдын алу үшін мейрамхана , темір жол бекетіне рейд ұйымдастырылғанын жеткізді.
Педагог - психолог А.Шарипова «Өмір - үлкен жол» атты баяндауында , Өмірдің мәні неде? , Өмір адамға несімен қымбат?, Бақыт деген ұғымды қалай түсінесіңдер?, Бақытқа жету үшін адам не істеуі қажет? - деген сауалдарға жауап алып , бақытты өмір сүру үшін психологиялық тұрғыдан дайындауға , өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиетті түзетуге кеңес берді.
ТАОА ерлер бөлімінің фельдшері Ж.Әбделиев «Ерлердің репродуктивті денсаулығы» атты баяндауында, Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін фактор, зиянды әдеттер (шылым, ішімдік, есірткі заттары) әсер ететіні; жыныстық қатынасқа ерте жастан барудың соңы - репродуктивті денсаулыққа зияндылығын жеткізді .
Талас ауданы әкімдігінің ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің ювеналдық полиция тобы капитаны Ж.Ж.Көпжасаров «Заңды білу - уақыт талабы» атты баяндауында: кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеуге, психотроптық синтетикалық заттарды тұтынбауға, сынып арасында немесе сырт достарымен жүргенде әлімжеттік, бопсалауға және сабақта , сабақтан тыс уақытта оқушының міндеті мен құқығын ұстануға бағыт беруі құнды болды.
Мектеп оқушылары өз кезегінде өздерін толғандырып жүрген сауалдарға толық жауап алды.