11
март
2021
"Нұрлы болашаққа - зиянды әдеттерсіз!" атты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен "Есірткі және психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алу" ж
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде "Нұрлы болашаққа - зиянды әдеттерсіз!" атты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен "Есірткі және психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алу" және "Ерте жүктіліктің алдын алу" , "Короновирустан қорғану шаралары" , "ДІН және қауіпсіздік" бағытында деструктивті діни ағымдардың ықпалына ілесудің алдын алуға бағытталған кәмелетке толмағандар арасында жедел профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында , арнайы мамандармен кездесу өткізілді . Кездесуге Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Мақұлбекова Жадыра Мамырбекқызы , Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға лейтенанты , мектеп инспекторы Парымбекова Жансая Анасқызы , Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің теологі Байбосынов Бейбіт Елубайұлы , ТАОА дәрігері Берденбекова Гүлзира , ата - аналар кеңесінің төрайымдары , мектеп ұжымы , 7 - 11 сынып оқушылары қатысты . Кездесу барысында , мектеп психологі А.Шарипова "Қылмыстың түбі - жаза" қойылымын 8"А" сыныбының оқушыларының қатысуымен сахналады . Мектеп ережесінің орындалуы , оқушының міндеті , кәмелетке толмағандардың құқығы туралы сауалдарына 8"Б" сынып оқушылары нақты жауап беріп жатты . Кездесуге қатысып отырған мамандардың : "Түзетуден гөрі , алдын алу оңай " дегендей , "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық " , "Дін және қауіпсіздік " , " Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы " , " Короновирустан сақтану шаралары " атты баяндамаларын оқи келе , танымдық ақпараттар мен арнайы бейнефильмдер көрсетіп , мамандар кеңесін жоғары деңгейде үйлестіруі - кәмелетке толмағандар үшін өте құнды болды . Бала құқығын қорғау - басты назарда . Тәрбие - қоғамдық құбылыс Талас Црб Талас ауданы әкімдігі Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі