Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде, «Кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде, «Кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы
21
апрель
2022

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде, «Кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы

Ерте жүктіліктің ертеңі - күмәнді!
«Қыз - мінезді келсін, ұл - өнерлі келсін» , халық даналығы.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде, «Кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді. Ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған қыздар жиналысына Талас аудандық аурухананың акушер - гинекологі Найманбай Гүлдана Серікқызы, Талас аудандық аурухананың психологі Байдарбекова Айда, Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Н.Арип , мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы, педагог - психолог Шарипова Алмагүл Орынбасарқызы, 7 - 11 сыныптың қыздары қатысты.
Қыздар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтары:
1.«Қыз - өмірдің гүлі» баяндама,С.Түменбаева - тәрбие ісі орынбасары .
2.Қыз баланың мінез - құлық ережелері, психолог кеңесі - А.Шарипова.
3. «Заңның айтары бар...» атты құқықтық тәрбие талаптарын сақтау барысы , Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Н.Арип
4.«Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?» маман кеңесі,Талас аудандық аурухана акушер - гинекологі Найманбай Гүлдана Серікқызы.
5.Ата - аналар мен қыздар қарым - қатынас психологиясы ; Талас аудандық аурухананың психологі Байдарбекова Айда.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түменбаева сөз алып : «Қыз - өріс, ұл - қоныс» деп білгендіктен, қазақ халқы өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлгені; «Қыз - мінезді келсін, ұл - өнерлі келсін» деп, қызға, қырық үйден тыйым жасағаны туралы айта келе, кейбір ата - ананың қыз баласының тәрбиесіне араласуға уақыты жоқтығын; «Қызым үйде - қылығы түзде» деп,қыз баласының жүріс - тұрысы мен киім киісіне мән бермеуінің салдарынан, қыз баласы әке - шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан алыстай бастайтыны; Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген қыз баланың жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын қатыгездікпен өсетінін жеткізді.
«Қыз баланың мінез - құлық ережелері» туралы , психолог кеңесін үйлестіруші А.Шарипова өз сөзінде, «Қыз баланың мінез - құлық ережелері» туралы айта келе, қазақ отбасыында, жыныстық қатынас пен жыныстық тәрбиенің ара - жігін дұрыс айыра білмейді .Ешқашан жыныстық тәрбиені жыныстық қатынаспен шатастыруға болмайды. Қыз баласы - етеккір келген кезінде анасымен гармониялық қарым - қатынаста болмаса, әртүрлі жағдайға тап болуы мүмкін. Ғаламтордан көрген, оқыған түрлі видеолар мен ақпараттар қыздың жыныстық қатынасқа деген қызығушылығын оятатыны анық. Жүктілікке әкелетін себеп көп болғандықтан, оны қыз баланың психикасына кері әсер етпейтіндей, дұрыс құлақтандырудың маңызы жоғары деп айтып өтті.
«Заңның айтары бар...» атты құқықтық тәрбие талаптарын сақтау барысы, туралы Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Н.Арип өз сөзінде, Кәмелет жасқа толмаған жеткіншекті сексуалды қарым - қатынасқа тарту, зорлық - зомбылық көрсету заңды түре қылмыстық жазаға тартылатыны;
«ҚР Қылмыстық кодексінің 122 - бабына сәйкес, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау ; ҚР ҚК-нің 67 бабына сәйкес ,тараптар татуласса да қылмыстық істер қысқартылмайтыны; Ал зорлық - зомбылық көрсету ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабының 3-1 бөлігіне сәйкес, 12 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланатыны туралы жеткізді.
«Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?» маман кеңесі ,Талас аудандық аурухана акушер - гинекологі Найманбай Гүлдана Серікқызы сөз алып, Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы, жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы жоқтығынан деп айтып өтті. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым - қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейтіні туралы айта келе, жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата - анамен жиі әңгімелесу, жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. Егерде, қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керектігі ; Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керектігін айтып өтті.
«Ата - аналар мен қыздар қарым - қатынас психологиясы»туралы аудандық аурухананың психологі Байдарбекова Айда сөз алып, Кәмелет жасқа жетпеген қыздардың жүктілігі ,оның денсаулығына зиянын тигізіп қоймай, психологиялық түрлі дерттерге шалдықтыратыны; «Ерте жүктілік қыздардың психологиясына кері әсер ететіні; Ерте жастағы жүктілік депрессия, неврастения, созылмалы шизофрения және ашық түрлі шизофренияға шалдықтырып жататыны туралы айта келе, медициналық жолмен жүктілікті тоқтатудың психологиялық зияны, яғни, аборт жасату - күшті инфекциялық асқынуға, жатыр мойыны асқынуына, бедеулікке, етеккір циклының бұзылуына, күрделі гормональды бұзылуға алып келетіні; ең ауыр жағдайда жатыр қабырғасының бүтіндігі бұзылып, тесілу ықтималдығы жоғары екендігін жеткізуі нақты болды.
Аудандық аурухананың психологі Байдарбекова Айда, 7 - 10 сынып қыздары арасында өзекті мәселер туралы ой бөлісіп , психологиялық тренингтер жүргізді.
Қыз тәрбиесінің маңыздылығын жадымызда ұстап, ұлт тәрбиесінде - иманды ізетті , инабатты қыз тәрбиелеудің аса маңызды екенін ұмытпайық!