01
декабрь
2023
«Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметін жүзеге асыруға бағытталған «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата - аналарды педагогика
Ата - ананың тәрбиесі - бала мінезінің іргетасы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , «Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметін жүзеге асыруға бағытталған «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата - аналарды педагогикалық қолдау сабақтары өткізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түменбаева «Отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі» тақырыбындағы дәріс барысында , баланың тұлға ретінде дамуында ата - ана мен педагогикалық ұжымының бірлескен жұмысын нығайту ; Ата - аналардың психологиялық - педагогикалық білімін жетілдіру туралы баланың жас ерекшеліктеріне сай мінез - құлқын айқындауға бағыт бере келе , Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі - отбасындағы тағылым мен үлгі - өнеге , тәлім - тәрбиенің жүйелі, бірізді жүргізілуінен көрініс табатынын; отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бөлігі, ата - ананың борышы деп, ата - аналармен бала тәрбиесіне қатысты сауал қойып , сұқбат жүргізуі құнды болды.
«Ата - ананың педагогикалық - психологиялық құзіреттілігін арттырудың тиімділігі» тақырыбындағы шеберлік сыныпты педагог - психолог Д.Битенова жүргізді. «Сіздің есіміңіз» жаттығуы арқылы шеберлік сыныбын өткізуде , ата - аналармен ортада жағымды ахуал қалыптастыру ; өз есімдерін параққа жазып, жағымды сөздер табуда қатысушы аналар белсенділік танытты. «Кескіндер сөйлейді» әдісінде , басқа жанның пікірін тыңдау арқылы - отбасында, жұмыста, достықта қандай жан екендері көрінсе; «Додокаэдр» әдісінде «Күн шуағы» тренингін жүргізу арқылы бала тәрбиелеу ісінде ата - ананың жауапкершілігі, міндеттері айқын көрініс тауып жатты.
Педагог - психолог А.Шарипова «Мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі» атты коучингті жүргізуде «Тәрбие - баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл - кеңес берумен ғана шектелмейтінін тілге тиек ете келе, Бала - әкеден ақыл, анадан - мейірім алатынын; Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, жақсы ананың - отбасына береке әкеліп, отбасын бақытқа бөлейтінін; Әрбір ата - ана баласының ынтасын, қызығушылығын байқап, ары қарай дамыту үшін ықпал етуі керек дей келе , ата - аналармен психологиялық тренингтер жүргізді.
«Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқан аясында «Әр бала - зорлық - зомбылықсыз бақытты болашаққа құқылы» баяндауында құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мустафин : зорлық - зомбылық туралы құқықта «Бір адамның , екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тән және психикалық ықпал жасауы» делінгені; Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келетіні; Тәрбиеге әсер ететін өскен ортасы мен ата - ананың тәрбиесі дұрыс болмаса , жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінездің қалыптасатынын айта келе, білім ұясында әлімжеттікке, зорлық - зомбылыққа жол берілмейтіні туралы жеткізуі нақты болды .
Отбасы - бала үшін ең жақын әлеуметтік орта.