«Отбасы - орта мектеп» жобасы » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы - орта мектеп» жобасы
05
октябрь
2022

«Отбасы - орта мектеп» жобасы

ТӘРБИЕ - қоғамдық құбылыс
«Қалай десек те, ең мықты , табиғи мектеп - отбасы» . М.Арын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «Отбасы - орта мектеп» жобасы аясында , отбасылық құндылықтарды насихаттау арқылы, ата - аналардың бала тәрбиесіндегі алар орны мен баланың мектептен тыс уақыттағы қауіпсіздігін бағамдауда ата - аналардың психологиялық - педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған «Тәрбие - қоғамдық құбылыс» атты жалпы ата - аналар жиналысы жоғары деңгейде өткізілді.
Ата - аналар жиналысына аудандық ювеналдық полиция тобының лейтенанты , мектеп инспекторы Арип Наргиз Жанатбекқызы, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, 1 -11 сынып оқушыларының ата - аналары қатысты.
Білім ұясының педагог - психологі Шарипова Алмагүл Орынбасарқызы «Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны» тақырыбында ата - аналармен сұқбат жүргізіп, психолог кеңесін үйлестірді.
Полиция лейтенанты, мектеп инспекторы Арип Наргиз Жанатбекқызы «Баланың мектептен тыс уақыттағы қауіпсіздігін сақтау» тақырыбындағы баяндауында, баланың мектептен тыс уақытының дұрыс ұйымдастырылуын айта келе, 127- баптағы, ата - ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы - жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны; 442 - баптағы, Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын - сауық мекемесінде болуы - заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын жеткізді.
Директордың құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байғазиев Данияр Шанжарханұлы сөз алып, баланың икемділігін бағамдай отырып, үйірмеге тартуға, еңбекпен шұғылданған баланың құқықбұзушылыққа жол бермейтіндігін ескертіп, мектептен тыс мекемелердегі үйірмелерге қатысуға бағыт берді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы сөз алып, 2022 - 2023 оқу жылындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың орындалуы туралы жеткізіп, тегеруріні терең тәрбие иірімдеріне тартатын тәрбие жүйесіндегі іске асырылатын жобалар «Отбасы - орта мектеп», «Еңбек - елдің мұраты», «Қоғамға қызмет», «Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобалары аясында, тұлғаның адамгершілік келбеті, өзін - өзі кәсіби тұрғыдан анықтауына жол ашатыны; экономикалық ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамыту арқылы ұлттық құндылықтардың қалыптасу барысында ата - аналарды ықпал етуге, баланың нұрлы болашағы жолында жұмыла қызмет етуге шақырды.
Отбасы - бала үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы - табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет сыйы! Жаңа Қазақстанның бір бөлшегі - отбасына ештеңе де жетпейді!
Отан - қуат, отбасы - шуақ!
«Отбасы - орта мектеп» жобасы