16
сентябрь
2019
отбасы күні - бала тәрбиесіндегі ата - ананың жауапкершілігін арттыру
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде отбасы күні - бала тәрбиесіндегі ата - ананың жауапкершілігін арттыруға бағытталып , пікір алмасу , ой бөлісу ретінде өткізілді . Отбасы - әр бала үшін ең жақын әлеуметтік орта .Әр баланың туған шаңырағында алған тағылымы терең тәрбиесі - олардың жарқын болашағының басты кепілі . Сұқбат барысында сынып жетекшілері - бала тәрбиесіндегі ата - аналардың алар орны туралы айта келе , Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 05.09.2019 жылғы # 02 - 24 24 хаты негізіндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы # 26 бұйрығымен бекітілген "Орта білім ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар" туралы ата - аналарға бағытталған ескерту хатының мәтінімен таныстырып , түсіндіру жұмыстарын жүргізді . Жиналысқа қатысып отырған мектеп әкімшілігі - ата - аналардың тарапынан өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап беріп жатты . Бала тәрбиесі - ортақ іс . Тегеуріні мықты тәрбие қашан да тамырын тереңге тартады . Баласының болашағын бағамдаған ата - аналар - өзара ой бөлісіп , пікір алмаса келе , ортақ шешімге келіп , бірауыздан қолдау көрсетіп , ескерту хатының мәтінімен танысқаны туралы қол қойды . Ана болса - ән басы , бала - өмірдің жалғасы дегендей , әр бала - бір жұлдыз . Олай болса , жанам деген жүректерге от беріп , олардың жұлдыз болып жарқырауына бүкіл қоғам болып атсалысу - баршаның басты міндеті болып табылады . Мектеп - шәкіртімен құнды . Бүгінгі мектеп партасында отырған жас ұрпақ - нұрлы болашақтың ертеңі . Болашақ бүгіннен басталады .