"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы білім күніне бағытталған салтанатты жиын » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы білім күніне бағытталған салтанатты жиын
16
сентябрь
2019

"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы білім күніне бағытталған салтанатты жиын

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы білім күніне бағытталған салтанатты жиын өтілді . Жиынға қамқоршылық кеңесінің төрағасы Көлбайұлы Байзақ , аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері , азаматтық қорғау аға лейтенанты Еркін Бизақ Жеңісұлы , мектеп ұжымы , ата - аналар мен 1- 11 сынып оқушылары қатысты . 1"A" , "Ә" сынып оқушыларын білім әлеміне жетелейтін сынып жетекшілері Исатаева Шолпан , Сәтекбай Жаннұр бекітілген орынға салтанатты түрде бастап апарды . Мектеп директоры Токбергенова Гулжамила Жидебаевнаның құттықтауынан соң , 5 "Б" сынып оқушысы Айтымбет Жұлдызай "Аяулы ұстазым" әнін жолдады . Жиынға қатысушы қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Көлбайұлы ұстаздарға жаңа оқу жылында шығармашылық шабыт тілесе , Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Б.Еркін мектеп оқушыларына сақтық шаралары туралы айта келе , азаматтық қорғаныс салалары туралы жадынама таратты . Республикалық көркемсөз оқу байқауларының жеңімпаздары мен 1 сынып оқушылары "Ұстаздарға мың алғыс!" атты әдеби - поэтикалық жыр шашуларын тарту етіп , әуеге газдалған шар ұшырды . Сыр мен сезім қатар үйлесім тапқан сәтте мектепішілік ата - аналар кеңесінің мүшесі , білім саласында өзіндік ізі бар , мектеп директоры болып қызмет атқарған , ардагер - ұстаз Райса Маликова мектеп ұжымы мен оқушыларға жаңа оқу жылында биік белестер мен алар асуларыңыз мол болсын дей келе , білім бәсекесінде алда болу - абырой деп ойын түйіндеді . "Ардақты ұстазым" әнін 6 "Ә" сынып оқушысы Нұржан Айша нақышына келтіре орындады . Сәніне салтанаты сай келген мерекелік іс - шараның шырқау шегінде "Алғашқы қоңырау" соғу салтанаты 11 "А" сыныбының үздік оқушысы Серік Гүлсезім мен 1"А" сынып оқушысы Бақытбек Бақтиярға тапсырылды . Алғашқы қоңыраудың әсем , сазды әуезінен соң , жүргізушілер білім күніне бағытталған " Саналы ұрпақ - жарқын болашақ " тақырыбындағы жалпы республикалық патриотизм мен азаматтылық сабағының 02.09.2919 жылы өткізілетіні туралы хабарлады . Мектеп оқушылары көтеріңкі , мерекелік көңіл күйде үйлеріне тарады . Әр шәкірттің жүрегінде , Тұғыры биік Таласым , Қазыналы Қаратауым - менің нұрлы болашағым деген перзенттік парыз мен мұндалап тұрған еді ... Келешек бүгіннен де нұрлы !!!
[/center][center]"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы білім күніне бағытталған салтанатты жиын
"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы білім күніне бағытталған салтанатты жиын
"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы білім күніне бағытталған салтанатты жиын
"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы білім күніне бағытталған салтанатты жиын
"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы білім күніне бағытталған салтанатты жиын
"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы білім күніне бағытталған салтанатты жиын