"Тұғырлы үш тіл - нұрлы болашақ бастауы !" атты апталықта "Тіл - татулық тірегі" атты іс - шара » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тұғырлы үш тіл - нұрлы болашақ бастауы !" атты апталықта "Тіл - татулық тірегі" атты іс - шара
23
сентябрь
2018

"Тұғырлы үш тіл - нұрлы болашақ бастауы !" атты апталықта "Тіл - татулық тірегі" атты іс - шара

Рухани жаңғыру аясында , бəсекеге қабілеттілік бағыты бойынша , үш тілде білім беру бағдарламасы шеңберінде Қаратау қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде "Тұғырлы үш тіл - нұрлы болашақ бастауы !" атты апталықта "Тіл - татулық тірегі" атты іс - шараны ағылшын тілі пəнінің мұғалімі М.Синаева ,орыс тілі пəнінің мұғалімі Т.Байболатова жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді.Кез келген ұлт мəдениетінің түп тамыры - тіл екені баршамызға мəлім ."Білім кілті - тіл ! " атты əдеби - поэтикалық монтаж тұғырлы үш тілде сипат алып , оқушылар өлең жолдарын мəнерлеп жатқа оқыды .Əн - саз пəнінің мұғалімі Л. Ахметованың жетекшілігімен " Əрқашан күн сөнбесін " əнін үш тілде балалар хоры орындаса , " Мен қазақтың қызымын " əнін 11 " Ə " сынып оқушысы А. Іңкəрбек , " Туған жер " əнін 4 " Б " сынып оқушысы Ж. Əйтімбет нақышына келтіре орындады. Орыс ,өзбек халқының ұлттық билерін 11 " А " сынып оқушысы А. Ікімат көрерменге өз өнерімен мың бұрала билеп тарту етті .Тəуелсіз елде ғұмыр кешіп отырған ұлт өкілдері арасындағы достықты нығайтуға бағытталған іс - шара соңында 11 - сынып оқушылары мектеп ұжымын Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесімен құттықтай келе,Қазыналы Қаратаудың көгіне газдалған шар ұшыруы мерекелік іс - шараның шырайын аша түсті .Апталық аясында кітапханашылар С. Қасымова , А . Абикен 5 -11 сынып арасында "Үш тұғырлы тіл" атты мəнерлеп оқу байқауын өткізсе , 2 "А" сынып жетекшісі Г.Омарбекова "Тіл - достықтың дəнекері" атты ашық тəрбие сағатын өткізді.Рухани жаңғыру аясында Тіл Заңының'орындалуына бағытталған іс - шара талапқа сай ұйымдастырылып өткізілді.Келешек бүгіннен де нұрлы !