21 ғасырдағы Қазақстандық ата - ана : өз балаңа үлгі бол " атты республикалық ата - аналар конференциясы » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 21 ғасырдағы Қазақстандық ата - ана : өз балаңа үлгі бол " атты республикалық ата - аналар конференциясы
23
сентябрь
2018

21 ғасырдағы Қазақстандық ата - ана : өз балаңа үлгі бол " атты республикалық ата - аналар конференциясы

Қаратау қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде " 21 ғасырдағы Қазақстандық ата - ана : өз балаңа үлгі бол " атты республикалық ата - аналар конференциясы 5 - 7 сыныптың ата - аналарының қатуымен жаңа форматта өтілді . Конференцияда ата - ананың міндеті , мұнда ата - аналар өз отбасында баланың дамуы мен тəрбиесі үшін оңтайлы жағдай жасап қоймай , мектеп əкімшілігі , мұғалімдермен бірлесе əрекет ету қажеттілігі туралы роликтер арқылы бейне түсірілімдерді көрсетіп , мектептің педагог - психологі А .Шарипова ата - аналарды сөзге тартып , роликтегі сюжет ары қарай қалай өрбитіні туралы сұрақ қоюы , өз кезегінде ата - аналардың берген жауабы - бала тəрбиелеу ісінде бірлескен іс - əрекет сəтінде шешілмейтін түйін жоқ екенінің тағы бір айғақты дəлелі іспетті болды . Жасөспірімдік кезеңде бала тəрбиесіне немқұрайлы қарау , ата - ананың озбырлығы , қысым көрсетуі - баланың тəрбиесіне кері əсерін тигізіп , екіжүзді , мейірімсіз , ызақор ретінде девиантты мінез - құлыққа əкеліп соғатыны туралы атап көрсетілді . Ішкі түйсігімен арпалысқан жасөспірім - шылым шегіп , бейпіл ауыз , өз міндеттеріне салғырт қарайтын , компьютерлік ойындардан шыға алмай , оқшауланып , əлеуметтік желідегі қарым - қатынасы виртуалды əлемге еріксіз еніп кетуі туралы слайдпен таныстырып , диалог құру арқылы ата - аналардың ой - пікірлерін сараптап , бала тəрбиесінде кеш қалмауға , өз баласының немен шұғылданып жүргенін зерделеп отыруға бағыт беруі құнды болды .Отбасында жарасымды сыйластықта өскен бала - өзіне сенімді , айтар ойы айқын , өз алдына мақсат қоя білетін жеке тұлға болып қалыптасатыны туралы слайд арқылы бағыт берді .Баланың білім сапасын арттыру үшін оның жолында қандай кедергілерден өту қажеттілігі туралы көзқарастары сəтті шығып жатты . Конференцияның мақсатына сəйкес , ата - аналар өз шеберліктерін шыңдап , мектеппен байланыста болғанда ғана тағылымы терең тəрбие иірімдері тереңге тартатыны туралы жауап ала білді . Бала тəрбиесі - басты назарда .

 21 ғасырдағы Қазақстандық ата - ана : өз балаңа үлгі бол " атты республикалық ата - аналар конференциясы

 

 21 ғасырдағы Қазақстандық ата - ана : өз балаңа үлгі бол " атты республикалық ата - аналар конференциясы

 

 21 ғасырдағы Қазақстандық ата - ана : өз балаңа үлгі бол " атты республикалық ата - аналар конференциясы