Мұқағали Мақатаев » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2018

Мұқағали Мақатаев

Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде 4 "A", 4 "Ə" сыныбының жетекшілері Гаухар Жұманова мен Айнұр Айдапкелованың ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухани шығармашылық əлеміне арналған поэзиялық кеш өтілді .Қазақ тарихында ең оқырманы көп ,қалың халықтың басты жанашыры болған суреткер , қазақ жырының құдіреті өн бойынан табылған ақынның рухани шығармашылық әлемі балғын бүлдіршіндердің жұдырықтай жүректерімен үндесіп , халқымен қауышып жатты .4 "А", 4"Ə" сыныбының оқушылары Нұрланұлы Нұрғиса , Қырықбай Кəусар , Сауытбек Әйгерім, Күзембай Мейірлан , Мейрамбекұлы Айбектің сахнада өлеңді мəнерлеп оқуы , сөйлеу техникасын меңгерулері , сахналық талғамды ұстанып , байланыстыра жеткізулерімен ерекшеленді .4 "A", 4 "Ə" сынып оқушылары Нұржан Айша , Шалабек Мақпал ақиық ақын Мұқағалидің өлеңдеріне жазылған əндерді əуелете шырқады .Қазыналы Қаратаудың көгінде ғажайып ақынның өлеңдері əн болып өріліп , əн қанатында өрнектелуі - көңілімді жадыратты.Жырдан маржан терген Мұқағали ақынның поэзиясымен сусындаған бірқатар оқушылар мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды. Жұлдыздар ай туғанда жарқырайды.Қазақ жырының құдіреті Мұқағали ақынның рухани әлемі жыл өткен сайын жасарып , жаңғыра береді демекпін.

Мұқағали Мақатаев

 

Мұқағали Мақатаев

 

Мұқағали Мақатаев

 

Мұқағали Мақатаев

 

Мұқағали Мақатаев

 

Мұқағали Мақатаев

 

Мұқағали Мақатаев