05
март
2018
"Бояулар әлемі"
Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" аясында аудандық "Бояулар әлемі" Жас суретшілер көрмесі "Атамекен", "Менің Отаным" тақырыбында өте жоғары деңгейде, тартысты өтілді. Аудандық "Қыл қалам" шеберлерінің шығармашылық туындыларын зерделеген комиссия құрамының шешімімен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған 3 "Б" сынып оқушысы Сауқым Айгүл жүлделі 3 - орын иеленсе,11 "А" сынып оқушысы Байдабек Әйгерім 1 - орын иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Жас суретшілерді өнер додасына қосып, Жеңіс тұғырынан көрсетуге əрі ұшқыннан жалын лаулатуға бағыт беріп жүрген, ұлағатты ұстаз, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Көпбосынова Бағира Əлімқұлқызына айтар алғысымыз шексіз. Өнеге күші - өлшеусіз.