17
март
2018
"Жастар -Отанға!" партиялық жобасы
Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің 16.03.2018 жылы 03 - 576 хатына сәйкес, "Нұр - Отан" Талас аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай "Жастар - Отанға!" партиялық жобасы аясындағы "Мәңгілік ел - Жасыл ел!" атты жастар сенбілігіне Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің жастары жұмыла атсалысып, бекітілген үлескіде тазалық жұмыстарын жүргізді. Наурыз - Жаңару күні. Наурыз - жыл басы. Мектеп жастары Табиғат анамызды көздің қарашығындай қорғауға әрқашанда дайын.