ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰРАН!!! » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰРАН!!!
04
май
2018

ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰРАН!!!

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" аясында тарихи санамыз қайта жаңғырған кезеңде тарихи тұлғаларды ұлықтап, құрмет көрсетуге зор мүмкіндіктер жасалуда. Осы орайда, сол бір зұлматқа толы, отты жылдарда 1418 күн мен 1418 түн от пен селдің арасында, толарсақтан саз кешіп, от кешкен, Ұлы Отан соғысында Жеңісті жақындатқан Таластық жауынгерлер, қазіргі таңда, Тұғырға қонған Таластық батырлар Амантай Дəулетбеков пен Саду Шəкіровтің "ОТАН - АНАМЫЗДЫ" сыртқы жаудан қорғаудағы ерен істерін, қиян-кескі ұрыс даласындағы ерліктерін Ұлы дала елінің жас қырандарына жеткізу - ұстаздардың басты міндеті. ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰРАН!!! Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің 6 "Б" сыныбындағы қазақ әдебиетінен "БІЗ - БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫЗ" тақырыбын саяхат сабағы ретінде "Мәңгілік от" алаңы мен Талас аудандық өлкетану музейінде өткіздім. Қазақстандық патриотизмге баулу мақсатында: Таластық жауынгерлердің рухын ұлықтауға бағытталған саяхат сабағы жоғары деңгейде өтілді. Сонымен бірге, Ұлы дала елінің - егемен ел болғалы жеткен жетістіктері, Ел ордамыз - Астана қаласының 20 жылдығы, Тұғыры биік Талас ауданына - 90 жыл, Қазыналы Қаратау қаласына - 55 жыл толуы аясында игерілген биіктер туралы оқушылар жалпы тұрғыда мағлұмат ала білді. Ақын Күләш Ахметованың "Сен - қазақсың" өлеңін сынып оқушылары мəнерлеп жатқа оқыды. "Біз - кімбіз?" деген сауалға жауап берулері сәтті шықты. Мәңгілік елдің көгілдір аспанында соғыс бұлты торламасын деген бала тілектері "Ақ көгершін" əнімен өріліп, Қазыналы Қаратау қаласының көгілдір асанындағы ақша бұлттарға ұласып жатты. ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ еңсесін биіктетер, бабалар тіккен Ұлы Жеңіс туын желбіретер, бүгінімізді ертеңге жалғайтын - мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісті жақындатқан жұлдызды ғұмыр иелері - Амантай Дәулетбеков пен Саду Шəкіровтің ерен ерлік істерін мәңгі ұмытпайды. ӨМІР - дүние толқынында: үлкенге - іні, кішіге - аға, алды ақ жайлау, кісілігі - кішілік, кішілігі - кісілік болып аз да болса, саз ғұмыр кешкен атпал азаматтар, Тұғыры биік Таластық Ұлы Отан соғысының батырлары ел жадында мəңгілік сақталады.

ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰРАН!!!

 

ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰРАН!!!

 

ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰРАН!!!