11
февраль
2021
Ғасыр перзенті - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Ұлы тұлғаның есімін иеленіп отырған білім ұясында , мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 109 жас толуына орай , 9 «Б» сынып жетекшісі Қалдарбекова Самал Саттарханқызы WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы «Ғасыр перзенті - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев» атты сынып сағатын талапқа сай өткізді.
9 «Б» сыныбының жетекшісі Самал Саттарханқызы : «Тұғыры биік тұлға» атты слайд арқылы , аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың - жеткен жетістіктерін айта келе , еселі еңбегінің жемісі - үш мәрте Социалистік Еңбек Ері , Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі , техника ғылымының докторы , КСРО шет ел ордені мен медальдарының иегері ретінде танылғаны туралы айтып өтуі құнды болды .
9 «Б» сыныбының оқушысы Юлдашева Маликаның : Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев - өз заманының ұлы саясаткері бола білді . Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі , қарама қайшылықты болғанымен , елдің экономикасын , әлеуметтік саласын , ғылымын , ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңіргені ; Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп , Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей , ел мүддесін , болашақ қамын да бір сәт естен шығармағаны ; 1960 жылдың басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі деп өзінің ізденіс жұмысын айқын көрсетуі нақты.
9 «Б» сыныбының оқушысы Айым Тұрысбектің : 1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылғаны ; 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызғаны ; Орталықтың жүргізген саясатына қарсы республика жастарының , өз қарсылығын білдіріп алаңға шыққаны ; Бұл - әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласуы туралы көзқарасы құнды болды .
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев - Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің мәдениеттілігімен , иманжүзді ізеттілігімен танылып , халық дәстүрін жақсы білетін , тағылымы терең , ой өресі биік жан екенін көрсете білді . Өзі өмір сүрген кезеңнің адал перзенті бола білген - Ұлы тұлғаның алып жүрегі - 1993 жылы тамыздың 22-і күні 82 жасқа қараған шағында тоқтады .
Жұлдыздар ай туғанда жарқырайды . Асқар тау алыстаған сайын мұнартып , мен мұндалайды . Кемеңгер кие иесі- Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы