«Қаңтар қасіреті қайталанбасын» атты кездесу » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қаңтар қасіреті қайталанбасын» атты кездесу
21
апрель
2022

«Қаңтар қасіреті қайталанбасын» атты кездесу

Қаңтар қасіреті қайталанбасын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде, Қазақстан тарихындағы ең қарқынды қақтығысқа айналған «Қаңтар қасіреті» атанған наразылық шеруінің туындау себептері туралы «Қаңтар қасіреті қайталанбасын» атты кездесуді 8 «Б» сынып жетекшісі Ескендір Дастан талапқа сай өткізді.
Сынып оқушыларымен кездесуге Талас аудандық ата - аналар кеңесінің төрағасы Ілес Нұрұлы , директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байғазиев Данияр Шанжарханұлы қатысты .
8 «Б» сынып жетекшісі Ескендір Дастан сөз алып , Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шеру - Алматы, Ақтөбе, Ақтау , Атырау , Қарағанды, Нұр - Сұлтан, Шымкент, Көкшетау , Орал қаласында жалғасып , артынан қарулы қақтығыстар мен тонаушылыққа ұласқаны туралы айтып өтті .
Талас аудандық ата - аналар кеңесінің төрағасы Ілес Нұрұлы сөз алып , елдегі жағдай шиеленісіп, тәртіпсіздіктердің күшейгені; «Қаруланған әрі дайындықтан өткен жергілікті және шетелдік содырлар» шабуыл жасағаны; Елдегі дағдарыс жай ғана наразылық білдірген халық пен авторитарлық режимнің қақтығысы емес екендігінің анықталғаны айта келе, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының талаптары туралы жалпы тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізуі құнды болды.
8 «Б» сынып жетекшісі Ескендір Дастан, сынып оқушыларына Қазақ елі -бейбіт ғұмыр кешуді қалайтыны; Қасіретті қаңтар оқиғасының қайталанбауын; елімізде көгілдір аспан астында Көк туымыз желбіреп, әрбір сәбидің, әрбір бүлдіршіннің жүзінен күміс күлкісі кетпесін деп бағыт беріп , қорытындылады.
Тауларды аласартпай, даланы биіктетейік!
«Қаңтар қасіреті қайталанбасын» атты кездесу