Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің педагог-психологтың 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары жайлы мәлімет. » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің педагог-психологтың 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары жайлы мәлімет.
02
август
2023

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің педагог-психологтың 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары жайлы мәлімет.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің педагог-психологтың 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары
жайлы мәлімет.
Мақсаты:
Оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау. Орта білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
• Оқушыларды жеке және зияткерлік дамуына жәрдемдесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
• Оқушылардың тез дамып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;
• Психологиялық диагностика жүргізу және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
• Оқушылардың психологиялық қиындықтары мен жағдайларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
• Психологиялық жағдайларды шешуде және оқу-тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда ата-аналарға (заңды өкілдерге) және педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
• Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

Психологиялық қызметтің бағыттары:
1. Психодиагностика
2. Кеңес беру жұмысы.
3. Психологиялық ағартушылық және алдын-алу қызметі.
4. Дамыту және түзету жұмыстары.
5. Әлеуметтік-диспетчерлік жұмыс.
2022-2023 оқу жылары оқу жоспары құрылып, жоспар бойынша іс-шаралардың барлығы орындалды. Қыркүйек айында мектептегі психологиялық қызметтің бағыттарына сай психологиялық ағарту жұмыстарынан психологиялық әдістемелерді талдау, ұйымдастыру жұмыстары және жоспарланған жылдық жоспар бойынша жүргізілетін әртүрлі бағыт бойынша жоспарлар құрылып, бекітілді.
Қыркүйек айында атқарылған жұмыстар бойынша 9.09.2022 жылы «Отбасы-орта мектеп» жобасы аясында, отбасылық құндылықтарды насихаттау арқылы, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі алар орны мен баланың мектептен тыс уақыттағы қауіпсіздігін бағамдауда ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған «Тәрбие-қоғамдық құбылыс» атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысына аудандық ювеналдық полиция тобының лейтенанты, мектеп инспекторы Арип Наргиз Жанатбекқызы, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.
Білім ұясының педагог-психологі Шарипова Алмагүл Орынбасарқызы «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны» тақырыбында ата-аналармен сұқбат жүргізіп, психолог кеңесін үйлестірді. Онда «Миға шабуыл» тапсырмасында сұрақтарға жауап және бала тәрбиесіндегі өз тәжірибесімен бөлісу жайында ой қозғалды. Ата-аналар өз ойларымен еркін және ашық бөлісті. Психолог кеңесі барысында интернетке тәуелділіктің алдын-алу және буллинг, кибербуллинг жайында бірнеше кеңестерберіліп, өз ойларын ортаға салды. Полиция лейтенанты, мектеп инспекторы Арип Наргиз Жанатбекқызы «Баланың мектептен тыс уақыттағы қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында баяндауында, баланың мектептен тыс уақытта дұрыс ұйымдастырылуын айта келе, 127 – баптағы, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауы –жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны; 442 – баптағы, Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22 ден таңғы 6 ға дейін ойын сауық мекемесінде болуы-заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатының жеткізді.
Директордың құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байғазиев Данияр Шанжарханұлы сөз алып, балалың икеділігін бағамдай отырып, үйірмеге тартуға, еңбекпен шұғылданған баланың құқықбұзушылыққа жол бермейтіндігін ескертіп, мектептен тыс мекемелердегі үйірмелерге қатысуға бағыт берді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы сөз алып, 2022-2023 оқу жылындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың орындалуы туралы жеткізіп, терең тәрбие иірімдеріне тартатын тәрбие жүйесінднгі іске асырылатын жобалар «Отбасы орта мектеп», «Еңбек – елдің мұраты», «Қоғамға қызмет», «Еңбек елдің мұраты», «Қоғамға қызмет», «Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобалары аясында, тұлғаның адамгершілік келбеті, өзін-өзі кәсіби тұрғыдван анықтауына жол ашатыны; экономикалық ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамыту арқылы ұлттық құндылықтардың қалыптасу барысында ата-аналарды ықпал етуге, баланың нұрлы болашағы жолында жұмыла қызмет етуге шақырады
«Қыз Жібек» қыздар клубының жоспарына сәйкес «Қызым, саған айтам...» тақырыбындағы сырласу кешін мектепішілік «Аналар» кеңесінің төрайымы Байболатова Тұрсынкүл Мейрамханқызы жоғары деңгейде өткізді .
Сырласу кешіне тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары Түменбаева Сәуле, құқықтық тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары Мустафин Бауыржан, педагог - психолог Шарипова Алмагүл, кәсіби бағдар беру педагогі Байғазиев Данияр , медбике Раисова Гүлжазира, 8 - 9 сынып қыздары қатысты.
Сырласу кеші Жандарбек Бұлғақовтың «Қызым, саған айтамын» атты ролик көрсетілімін қоюмен ашылды.
Қыз тәрбиесі мен қыздардың өн бойындағы ұлттық құндылықтарды ояту, отбасылық өмірге тәрбиелеу жолдары мен қазақ халқының салт - дәстүріндегі кейбір мәселелер талқыланды.
«Қамшы» агенттігі тележобасы аясында түсірілген қыз тәрбиесі туралы «Жақсы қыз бен жаман қыз» атты бейнеролигі көрсетіліп, көрсетілімдегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? деген сауалға 8 - 9 сыныптың қыздары нақты жауап беріп жатты.
«Аналар» кеңесі төрайымы Тұрсынкүл Мейрамханқызы «Қызға қырық үйден тыю» бөлімінде , қыздарға қырық түрлі тыйым сөзден тұратын пост таратып, түсіндірме жұмысын жүргізуі құнды болды
Қазақ халқының тәрбиелік құралының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі - тыйым. Бұл - жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы қыз баласын теріс мінез, орынсыз қимылдан сақтандырып отыратынын жеткізді.
Сырласу кешіне қатысушы қыздар қырық түрлі тыйым сөзден құралған пост бойынша , өздерінің көзқарастарын толықтырып жеткізулері сәтті шықты.
Кеш соңында тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары Түменбаева Сәуле, психолог Шарипова Алмагүл - қыздар тәрбиесі туралы көзқарастарын ортаға салып, мамандардың осы бағыттағы видео роликтері, қыз тәрбиесі жайындағы ақын - жазушылардың өлең, шығармалары арқылы тыңдап - көрулері қыздарға ой салғанын, нәтижесінде «Ой тастау» кеші болғанын жеткізді .
Қыз тәрбиесіне ата - баба дәстүрімен қырық үйден тыю салсақ, көп болып көлеңкелі жайттан қорғасақ, бүгінгі қылықты қыз - ертеңгі елдің келісті келіні болып, ұрпақ тәрбиесі түзу болары сөзсіз!

5-сынып оқушыларының негізгі орта мектепке бейімделуін зерттеу.

бастауыш буыннан ортанғы буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгерді, жаңа пәндер қосылды, 5-сынып бағдарламасы күрделене түсті. Осы бесінші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болды. Бұлар:
- Балалардың мінезі өзгереді;
- Тез шаршайды;
- Көңіл-күйлері бұзылады;
- Оқу-үлгерімі төмендейді;
- Мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді;
Сондықтан мектеп психологтары кешенді зерттеу жүргіземіз. Психологиялық тұрғыдан мына салаларды қарастырамыз.
- Оқушылардың сыныптағы қарым-қатынасы
- Пәнге деген қарым-қатынасы
- Бейімделуде кездесетін қиыншылықтар
Қыркүйек айының 9-ы және қараша айының 18 күні жүргізілген жалпы ата-аналар жиналысында оқушылардың 5 ші сыныпқа бейімделуде кездесетін қиындықтар туралы айтылып, ата-аналарға психологиялық кеңес берілді.
Оқушылардың 5 сыныпқа бейімделуін және кездесетін қиындықтарды анықтау мақсатында «Социометрия» әдістемесі, «Мектепке қарым-қатынасым» және «5-ші сыныпқа бейімделуде» атты сауалнамалар жүргізілді. Оқушылар ашық және өз ойларын еркін білдіру тапсырылады. 5 сыныптарда психодиагностикалық зерттеуге 57 оқушы қатысты.
5 «А»-сыныбы бойынша 17 оқушыдан бейімделуін анықтау сауалнамасы алынды.
5 ші сыныпқа бейімделуде төменгі қиыншылықтардың қайсысы мазалайды?
1. Сабақ санының артуы-1
2. Мұғалімнің ауысуы -8
3. Кабинеттік жүйе -0
4. Сыныптағы қарым-қатынас-0
5. Сынып жетекшімен қарым-қатынас-0
6. Жоқ мазаламайды-8
5 «Ә»-сыныбы бойынша 23 оқушыдан бейімделуін анықтау сауалнамасы алынды.
5 ші сыныпқа бейімделуде төменгі қиыншылықтардың қайсысы мазалайды?
1. Сабақ санының артуы-1
2. Мұғалімнің ауысуы -4
3. Кабинеттік жүйе -0
4. Сыныптағы қарым-қатынас-0
5. Сынып жетекшімен қарым-қатынас-0
6. Жоқ мазаламайды -18
5 «Б»-сыныбы бойынша 17 оқушыдан бейімделуін анықтау сауалнамасы алынды.
5 ші сыныпқа бейімделуде төменгі қиыншылықтардың қайсысы мазалайды?
1. Сабақ санының артуы-4
2. Мұғалімнің ауысуы -0
3. Кабинеттік жүйе -1
4. Сыныптағы қарым-қатынас-0
5. Сынып жетекшімен қарым-қатынас-0
6. Жоқ мазаламайды -12
Жалпы үш 5-ші сынып бойынша бейімделуде төменгі қиыншылықтардың қайсысы мазалайды? деген сұраққа
1. Сабақ санының артуы-6 оқушы
2. Мұғалімнің ауысуы -12 оқушы
3. Кабинеттік жүйе -1оқушы
4. Сыныптағы қарым-қатынас-0 оқушы
5. Сынып жетекшімен қарым-қатынас-0
6. Жоқ мазаламайды -38 оқушы
Сауалнама нәтижесі бойынша сыныптағы қарым-қатынас және кездескен қиыншылықтан шығу жолдары жайлы оқушылармен әңгіме-кеңес жүргізілді.
5 сыныптар бойынша оқушыларының пәнге деген қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Мектепке қарым-қатынасым» атты сауалнама нәтижесі бойынша.
1. 5 сынып қай пән ерекше саған ұнайды? деген сауалға математика, дене шынықтыру, қазақ тілі, орыс тілі, қазақстан тарихы.
2. 5 сыныпта қай пән сен үшін қиын? деген сауалға ағылшын, дүние жүзі тарихы деп жауап берген.
3. Қай пәннен үй тапсырмасын орындау қиын?деген сауалға ағылшын- 13 оқушы, 5 оқушы математика, 7 оқушы дүние жүзі тарихы деп жауап берген.
4. Бесінші сыныпта қандай қиындықтармен кездестің? «Ешқандай» деп жауап берген.
5. Сыныптастарың саған ұнайды ма? «ия» деп жауап берген.
Сынып оқушыларының өзара қарым-қатынастарын, бір-бірімен байланыстарын білу мақсатында социометрия әдістемесі жүргізілді. Әдістеме үш сұрақтан тұрады.
1. Сыныпта партада кіммен бірге отырғың келеді?
2. Саяхатқа кіммен бірге барғың келеді?
3. Сынып оқушыларынан кімді туған күніңе шақырғың келеді?
5 «А» сынып бойынша топтағы көшбасшылар: Іңкәр, Жұмағалиқызы Кәусар, Айкен, Абдулазизова Ақжан, Нұрғали Айгерім. Парақатов Нұрболат, Болатұлы Бексұлтан,Амангелді Бақдәулет, Жандәулет Жанболат.Шеттетілген оқушы жоқ
5 «Ә» сыныбы бойынша Аруна, Абибулла Нұрайым, Сайлау Аружан, Сейілбек Жанболат, Рахымжан Жалғас, Күзеу, Ибраев Никита Евгениеви көшбасшы ретінде анықталды. Қалдыбек Арсен жеке қаралымда оқиды.
5 «Б» сыныбы бойынша Сайлау Ерқанат, Әли Айгерім, Дәуренбай Фатима, Бекмұхан Дияр, Құрманбек Айбек, Оралбек Сымбат.
Осы зерттеу нәтижесі бойынша шеттілген оқушылардың сыныппен қарым-қатынасы жақсарту мақсатында «Менің сыныбым», «Кім жылдам» ойындары жүргізіліп, сергіту жаттығулары жасалды.

8-11 сынып оқушыларына жүргізілген Үрей мен депрессияның госпитальдық шкаласы (Анкета НАDS) қорытындысы
8-20.12.2022жылы психодиагностикалық зеттеу жүргізілді. Зерттеудің мақсаты бойынша оқушылардың бойындағы үрей мен депрессияның деңгейін анықтау.Нұсқау: Әрбір пайымдамаға 4 түрлі жауап сәйкес келеді. Сіздің күй ахуалыңызға, жағдайыңызға сай келетін жауапты таңдаңыз, ал содан кейін әр бөлімдегі ұпайлар санын қосыңыз. Нәтижесі осындай деңгеймен шығарылады.
І бөлім бойынша (Ү)
ІІ бөлім бойынша (Д) ұпайлар санын қосу.
0-7 ұпайлар - «қалыпты» (анық көрінген үрей мен депрессия симптомдарының болмауы)
8-10 ұпайлар-«субклиникалық көрінісі үрей/депрессия»
11 ұпай және жоғары-«клиникалық көрінісі үрей/депрессия»
11 сынып
Сынып жетекшісі: Бишаева Жансая
Қатысқан оқушылар саны: 23
Қорытынды нәтижесі:
12 оқушы-қалыпты
11 оқушы –«субклиникалық көрініс үрей мен депрессия»
10 «А» сынып
Сынып жетекшісі: Аликулов Рауан
Қорытынды нәтижесі:
12 оқушы-қалыпты
Қатысқан оқушылар саны: 17
Қорытынды нәтижесі:
6 оқушы- қалыпты
11 оқушы –«субклиникалық көрініс үрей мен депрессия»
9 «А» сынып
Сынып жетекшісі: Байғазиев Данияр
Қатысқан оқушылар саны: 23
Қорытынды нәтижесі:
8 оқушы- қалыпты
11 оқушы –«субклиникалық көрініс үрей мен депрессия»
4 -жоғары «клинакалық көрінісі үрей, депрессия»
9 «Ә» сынып
Сынып жетекшісі: Серікова Бақыткүл
Қатысқан оқушылар саны: 23
Қорытынды нәтижесі:
11 оқушы- қалыпты
8 оқушы –«субклиникалық көрініс үрей мен депрессия»
3 оқушы жоғары «клинакалық көрінісі үрей, депрессия
1 оқушы үйден оқу
9 «Б» сынып
Сынып жетекшісі: Ескендір Дастан
Қатысқан оқушылар саны: 17
Қорытынды нәтижесі:
7 оқушы- қалыпты
6 оқушы –«субклиникалық көрініс үрей мен депрессия»
3 оқушы-жоғары «клинакалық көрінісі үрей, депрессия»
1 оқушы –үйден оқу
8 «А» сынып
Сынып жетекшісі: Қуандыкова Райхан
Қатысқан оқушылар саны: 25
Қорытынды нәтижесі:
10 оқушы- қалыпты
12 оқушы –«субклиникалық көрініс үрей мен депрессия»
3-жоғары «клинакалық көрінісі үрей, депрессия»
8 «Ә» сынып
Сынып жетекшісі: Оязбекова К
Қатысқан оқушылар саны: 25
Қорытынды нәтижесі:
13 оқушы- қалыпты
6 оқушы –«субклиникалық көрініс үрей мен депрессия»
2-жоғары «клинакалық көрінісі үрей, депрессия»
8 «Б» сынып
Сынып жетекшісі: Мұстафин Бауыржан
Қатысқан оқушылар саны: 21
Қорытынды нәтижесі:
7 оқушы –қалыпты
13 оқушы –«субклиникалық көрініс үрей мен депрессия»
1-жоғары «клинакалық көрінісі үрей, депрессия»
Үрей мен депрессияның госпитальдық шкаласы (Анкета НАDS) қорытындысы бойынша анықталған оқушылармен түзету жұмыстары жүргізіледі.

25.01.2023 жылы «Отбасылық тәрбие» бағытында, ата - аналардың психологиялық - педагогикалық құзыреттілігі мен балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Жақсы бала, ата - ананың қуанышы» тақырыбындағы мектепішілік ата - аналар жиналысына: мектеп әкімшілігі, 1-11 сыныптың оқушыларының ата - аналары мен сынып жетекшілері қатысты.
Ата - аналар жиналысында ата - аналарды мемлекеттік білім беру ісінің бағыттары, білім ұясының жетістіктері туралы хабардар ету және құндылықтарға негізделген тәрбие мен құқықтық тәрбие берудегі психолог кеңесі, баланы әлеуметтендіру барысындағы мектеп пен ата - ананың күш - жігерін біріктіру көзделді.
Ата - аналар жиналысында педагог - психолог Битенова Дина Ауданқызының «Жақсы бала, ата - ана қуанышы» тақырыбындағы психологиялық тренингпен ашылды.
ІІ тоқсанның оқу қорытындысы, жауапты Э.Жакенова - ДОЖЖО
«Құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысының жүргізілу барысы»
Жауапты: С.Түменбаева - ДТЖЖО «Құқықтық мәдениеттің бейнесі» әлімжеттікке жол бермеу; оқушы бейнесі, мектеп ережесі және буллингтің алдын алу туралы; Жауаптылар: Б.Мустафин - ДҚТЖЖО; А.Шарипова - педагог - психолог .«Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы». Жауапты: Г.Тастанбекова - әлеуметтік – педагог таныстырып өтті.
Жан - жақты талдау жасалып, сарапталып, мектепішілік ата - аналар кеңесінің төрағасы Сағымбеков Құрманғазы Жақсылықұлы сөз алып, 2022 - 2023 оқу жылының I жарты жылдығындағы бәсекеге қабілетті, шығармашылық қарымы шыңдалған шәкірт тәрбиелеу ісіндегі атқарылған жұмыстарға оң баға берді .
2022 жылдың қыркүйек айының екінші жексенбісі – Халықаралық отбасы күні. Осы орайда, 9 «Ә» сынып жетекшісі Серікова Бақыткүл «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында таным сағатын ұйымдастырды. Сынып оқушыларының таным деңгейін ұштаудағы мақсаты – балалар мен ата-аналарының боына отбасының рухани құндылықтарды сіңіру, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен құрмет сезімін ояту.
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы ата-ана. Ата-анаға баладан жақы ешкім жоқ. Отбасының қазығы , алтын тіреу діңгегі-бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне- берекелі отбасының әсері мол екендігі 9 «А» сынып оқушысы Самандарова Елдана, 10 «А» оқушысы Сералиева Жанардың дайындаған бейнероликтерінде айқын көрініс тапқан. Яғни, берік отбасылық құндылықтар арқылы, мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болатыны баршаға мәлім.
«Қыз Жібек» қыздар клубының жоспарына сәйкес «Қызым, саған айтам...» тақырыбындағы сырласу кешін мектепішілік «Аналар» кеңесінің төрайымы Байболатова Тұрсынкүл Мейрамханқызы жоғары деңгейде өткізді .
Сырласу кешіне тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары Түменбаева Сәуле, құқықтық тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары Мустафин Бауыржан, педагог - психолог Шарипова Алмагүл, кәсіби бағдар беру педагогі Байғазиев Данияр , медбике Раисова Гүлжазира, 8 - 9 сынып қыздары қатысты.
Сырласу кеші Жандарбек Бұлғақовтың «Қызым, саған айтамын» атты ролик көрсетілімін қоюмен ашылды.
Қыз тәрбиесі мен қыздардың өн бойындағы ұлттық құндылықтарды ояту, отбасылық өмірге тәрбиелеу жолдары мен қазақ халқының салт - дәстүріндегі кейбір мәселелер талқыланды.
«Қамшы» агенттігі тележобасы аясында түсірілген қыз тәрбиесі туралы «Жақсы қыз бен жаман қыз» атты бейнеролигі көрсетіліп, көрсетілімдегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? деген сауалға 8 - 9 сыныптың қыздары нақты жауап беріп жатты.
«Аналар» кеңесі төрайымы Тұрсынкүл Мейрамханқызы «Қызға қырық үйден тыю» бөлімінде , қыздарға қырық түрлі тыйым сөзден тұратын пост таратып, түсіндірме жұмысын жүргізуі құнды болды
Қазақ халқының тәрбиелік құралының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі - тыйым. Бұл - жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы қыз баласын теріс мінез, орынсыз қимылдан сақтандырып отыратынын жеткізді.
Сырласу кешіне қатысушы қыздар қырық түрлі тыйым сөзден құралған пост бойынша , өздерінің көзқарастарын толықтырып жеткізулері сәтті шықты.
Кеш соңында тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары Түменбаева Сәуле, психолог Шарипова Алмагүл - қыздар тәрбиесі туралы көзқарастарын ортаға салып, мамандардың осы бағыттағы видео роликтері, қыз тәрбиесі жайындағы ақын - жазушылардың өлең, шығармалары арқылы тыңдап - көрулері қыздарға ой салғанын, нәтижесінде «Ой тастау» кеші болғанын жеткізді .
Қыз тәрбиесіне ата - баба дәстүрімен қырық үйден тыю салсақ, көп болып көлеңкелі жайттан қорғасақ, бүгінгі қылықты қыз - ертеңгі елдің келісті келіні болып, ұрпақ тәрбиесі түзу болары сөзсіз!

9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға
психологиялық кеңес беру жұмысының нәтижесі туралы
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
11сынып оқушыларына «Мамандығым-мақтанышым» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесі бойынша
1.Сіздің мектеп бітіргеннен кейінгі жоспарыңыз?
А)Жоғарғы оқу орнына түсу-15
Ә)Орта оқу орнына-0
Б)Қысқа мерзімді курстан өту-0
В)Жұмыс істеу-1
2. Сізге кім мамандық таңдауда ұсыныс жасады?
А)Ата-анаңыз-2
Ә)Ұстазыңыз-0
Б)Достарыңыз-2
В)Өзім-12
3.Өзіңіз таңдаған мамандық туралы не білесіз?
А)Мамандық мазмұны-3
Ә)Еңбек ақысы, келешегі-11
Б)Әзірше еш мәлімет білмеймін-2
4.Қалаған мамандығына қол жеткізе алмаған жағдайда, басқа қандай жолын тапқан болар едің?
А)Басқа жоғарғы оқу орнына түсу--13
Ә)Келесі жылды күтемін.
Б)Өз жауабыңыз...Курс оқимын,3
5.Таңдаған мамандығыңның зиянды жақтарын білесін бе?
А)Ия-10
Ә)Жоқ-6
6Сізде таңдаған мамандыққа сәйкес қандай сапалық көрсеткіштер бар?
А) Жақсы оқимын-6
Ә) Олимпиада жеңімпазымын
Б) Денсаулығым сай-2
В) Өз жауабыңыз...8
7.Қандай мамандықты және қандай оқу орнын таңдадыңыз?
1.Дәрігер-1 Әнші-0 13.Темір жолшы
2.Мұғалім-4 8.Спортшы-1 14.Маркетинг
3.Заңгер 9.Журанлист 15.Аудармашы
4.Актер 10.Экономист-1 16.Аспаз
5.Дизайнер-2 11.Байланыс 17.Программист -3
6.Фотограф 12.Милиция 18.Әлі шешкен жоқпын
19.мұнайшы-1
20.Логапед-2
21.Әлі таңдаған жоқпын-1 Тілеген Жарас
22.12.2022 жылы 9 сынып оқушыларымен психодиагностикалық жұмыс жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 62 оқушы қатысты.
Зерттеу мақсаты: Джон Голланд жеке адам типологиясы бойынша мінез-құлқына қарап кісілерді алты психологиялық типтерге бөлді.Оқушылардың мамандық таңдауы төмендегідей болды.
1. баған- реалистік тип бойынша 6 оқушы, физика, экономика, спорт, химия сияқты салаларда табысқа жетуіне мүмкіндігі мол.
2. баған интеллектуалдық тип бойынша 8 оқушы математика, география, шығармашылық кәсіптер.
3. баған әлеуметтік тип бойынша 21 оқушы , психология, медицина, педагогика.
4. баған конвенциялық тип бойынша 2 оқушы, кеңсе қызметкері, бухгалтер, финансист, экономист.
5. баған тапқыр тип бойынша 4 оқушы, менеджер, модельер, директор.
6. баған артистік тип бойынша 6 оқушы, тарих, филология, өнер жағын ұнататын адамдар.
22-27.11.2022 жылы 9-11 сынып оқушыларымен «Өмірдің рухани құндылығы» және «Аяқталмаған сөйлемдер» атты тренинг жүргізілді. Тренингте «Психологиялық паспорт», «Сенімділік серігім», «Мен және мамандық», атты ойындар жүргізілді. Аяқталмаған сөйлемдерді оқушылар өз ойларымен бөлісіп, аяқтады. Менің бойымдағы жағымды қасиетім...,Менің бойымдағы жағымсыз қасиетім...,Мен болашақта..., деген сөз тіркестерін жалғастыру арқылы Тренинг өте қызықты болып өтті. Оқушылар өте қызығушылықпен қатысып отырды. Олардың өз ой пікірлерін еркін, ашық айтуы, ой- өрістерінің тереңдігімен, қиялдарының ұшқырлығымен көзге түсті. Тренинг барысында ситуацииялық сұрақтар қойылып 11 сынып оқушылары өздерінің таңдаған мамандығы, тарихы туралы қызықты етіп әңгімелеп берді, оның ішінде әсерлі етіп жеткізді. Келесі «Мамандықты тап» жаттығуында қатысушылар арасында қызықты да тәрбиелі үлкен пікірталас туындады, әр мамандықтың ерекшелігі, қиындығы мен қызығы, пайдасы туралы айта отырып қорғай білді. «Психолог кеңесі» оқушылар тың мәлімет алғандарн жеткізді. Қатысушылар өз қиялдарын ұштап көңіл-күйлерін көтерді, бұл жаттығуда «Мамандықты таңдауда ұстанатын ережелер» оқылып,. «Кім көбірек мамандықты таңдайды?» жаттығуында қатысушылар өздерінің мамандығына сәйкес жұмбақ мінездерінің шешуін таба білді. «Армандар» жаттығуында қатысушылар бір- бірлеріне жылы тілектер жазылған жүрек қималарын табыстады. Тренингтің соңында қатысушылар жүргізушіге өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, осындай тренингтердің жалғасын табуына, жиі- жиі өтуіне тілектестерін білдірді. «Мамандықтың бәрі жақсы, таңдап, талдап бірін таңда!» атты тақырыпта тренинг сабақ жүргізілді. Ол үшін бейнеролик арқылы миға шабуыл жасап, шеберлік сынып қай тақырып төңірегінде екенін тауып алу керек болды. Шығармашылық жұмыс ретінде топка бөлінген қатысушыларына «Армандар картасы» құрастыруға тапсырма берілді. Одан соң, алдағы үш жылға менің жоспарым негізінде, үш қатысушы ортаға шығып, өз жоспарларымен бөлісті. Оқушылар белсенді қатысып, ерекше әсер алған ойларымен бөлісті.
11 сынып оқушыларының бойында қобалжу және көңіл-күйді анықтау мақсатында «Сіздің уайымға бейімділігіңіз» атты тесті жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың бойында мейірімділік, сенімділік, қамқорлық сезімдері байқалса. Оқушылардан жоғары деңгейді қобалжу жоқ екендігі анықталды. Оқушылардың көпшілігінің жауабы адамның махаббаты, мейірімділік, жақсы көңіл-күй керек деп жауап берген.

15.05.2023жылы 10.05.2023 жылғы № 03 - 974 хатына сәйкес , «15 мамыр - Халықаралық отбасы» күніне орай «Тәрбие басы - отбасы» атты ата - аналар жиналысы өткізілді. «Мектеп пен ата - ананың бала тәрбиесіндегі бірлігі» атты баяндауында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Түменбаева сөз алып, «Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы - ата - ана» дей келе, баланы тәрбиелеу үшін тәрбиешінің - өзі тәрбиелі болуы керектігін; Атадан - балаға қанмен тарайтын ақылдылық, байсалды мінезді маңызды тәжірибе мен білікті біліммен толықтырса, төңірегіне нұр шашып тұратын азаматтар шығатыны; «Тәрбиенің негізгі тірегі - ата - ана мен ұстазы екендігін ескере отырып, бірлесіп қызмет атқаруға шақыруы құнды болды.
2023 - 2024 оқу жылына қатысты мектеп формасы туралы хабарлама жасап, «Орта білім беру ұйымы үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы» ҚР БжҒминистрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы; ҚР БжҒ министрінің 2020 жылғы13 шiлдеде №296 бұйрығын слайд таныстырылымы арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдардың шалбары еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, ақ жейде (қысқы уақытта:қара көк түсті трикотаж жилет,водолазка). Қыздардың шалбары еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұратынын таныстырып, орындалуын бақылап, қадағалауды сынып жетекшілерге міндеттеп, тапсырды.
Күн тәртібінде қаралатын 2 - мәселе бойынша «Бала қауіпсіздігін бағамдау - өрелі іс» атты психолог кеңесін үйлестіру барысында Д.Битенова ата - аналардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ете келе, тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы екенін жеткізіп, ата - аналармен «Жүрек жылуы» атты тренинг жүргізді.
Күн тәртібінде қаралатын 3- мәселе бойынша «Отбасы - тіршілік бесігі» атты ата - аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру барысында педагог - психолог А.Шарипова өз баяндауында, ата - аналарға отбасылық құндылық туралы ой салып, отбасындағы жағдайды саралауға бағыт бере келе , «Бақытты отбасы шеңбері» тренингін жүргізіп, отбасында сыйластық пен түсіністік орнағанда үйлесім көрініс табатынын жеткізді.
Күн тәртібінде қаралатын 4- мәселе бойынша «2023 жылғы жаз мезгіліндегі балалардың су, жол, өрт қауіпсіздігі туралы ескерту» барысында директордың құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Мустафин , Әкімшілік құқық бұзушылық туралы айта келе,127- баптағы, Ата - ананың немесе басқа да заңды өкiлдiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы - жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны; 442- баптағы, Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемесінде болуы - заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы бағыт берді.
Ата - аналарға жаз мезгіліндегі : өрт, судағы қауіпсіздік ережелері, жолда жүру ережесі туралы ескерту жұмыстарын үйлестіріп, бала қауіпсіздігін бағамдап, жолда жүру ережесі туралы бағыт берді.
Ата - аналар жиналысын қорытындылаған мектепішілік ата - аналар кеңесінің төрағасы Қ.Сағымбеков , ағымдағы оқу жылындағы бала тәрбиесіне жауапты мамандардың атқарған жұмыстарына оң баға берді.
Жиналыс соңында тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Түменбаева сөз алып, ҚР Оқу - ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, білім ұясында оқу мерзімі 2023 жылдың 31 мамыр күні аяқталатыны; кестеге сәйкес сабақтар жүргізілетіні; сабақ соңында сынып жетекшісінің сынып сағатын өткізіп, оқушылардың өмір қауіпсіздігін ескертуі, жазғы демалысты тиімді ұйымдастыруы, қосымша білім беру ұйымдарына қатысу тиімділігін ескертеуі , қазақстандық патриотизмге , достық пен татулыққа , ел тарихын таразылауға, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет танытуға бағытталатынын айта келе, Жаңа Қазақстанды құрушы - мектеп партасында отырған оқушылар болғандықтан, білім алушылардың тағылымы терең тәрбие иірімдері мен таным деңгейін бағамдау үшін ата - аналарды тәрбие сағатына қатысуға шақырды.
Қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп - отбасы !