Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 2023 жылдың 28 қыркүйек күні «Мемлекеттік рәміздердің идеологиялық маңызы» атты комиссия құра » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 2023 жылдың 28 қыркүйек күні «Мемлекеттік рәміздердің идеологиялық маңызы» атты комиссия құра
09
октябрь
2023

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 2023 жылдың 28 қыркүйек күні «Мемлекеттік рәміздердің идеологиялық маңызы» атты комиссия құра

Мемлекеттік рәміздердің идеологиялық маңызы
Қазақстан Республикасы - Туымен - тұғырлы, Елтаңбасымен - еңселі, Гимнімен - айбатты ел!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 2023 жылдың 28 қыркүйек күні «Мемлекеттік рәміздердің идеологиялық маңызы» атты комиссия құрамының жиналысы өтті.
Алғашқы әскери және технология дайындық пәні мұғалімі Р.Сарсеков сөз алып , «Мемлекеттік рәміздердің идеологиялық маңызы» баяндауында, мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің болмысын , ерекшелігін , басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі дей келе , Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білім деңгейінің өлшемі :
- Қазақстан Республикасы рәміздерінің авторларын білу;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің түсін, пішінін, элементтерінің мәнін білу;
- Қазақстан Республикасының гимнін мемлекеттік тілде орындай білу деп атап көрсетті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түменбаева, мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба , Гимннің мәні мен мағынасын түсіндіру - патриоттық тәрбиенің бастауы дей келе , Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы арнайы белгіленген жерде бекітілетіні; Мемлекеттік Туды көтеру құқығына оқуда үздік, еңбек пен қоғамдық жұмыста ерен табыстарға жеткен оқушы ие болатынын жеткізді.
Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Маханбетова, Қазақстан Республикасының азаматтары мен ел аумағында жүрген адамдар -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Гимнін құрметтеуге міндетті деп ойын ортаға салды.
Мемлекеттік рәміздер - елдігімнің белгісі.