10
апрель
2024
Амал келді. Жаңа өмір. Жаңа күн!
Амал келді. Жаңа өмір. Жаңа күн!
«Қырдағы елдің ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, қауышатын мезеті» .
- Абай Құнанбайұлы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , «Наурыз - жаңару мен жаңғырудың символы» - «НАУРЫЗНАМА» атты онкүндікте өткізілетін іс - шаралар жоспарына сәйкес, тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Көрісу күні - Амал мерекесі» жоғары деңгейде өткізілді.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле, білім алушыларға «Амал мерекесі» туралы, қыстан аман - есен шығып, көктемге аяқ басып, туыс - туған, көрші - көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысқаны; Бір - біріне деген араздық , өкпе - ренішті ұмытып, амандық тілегені туралы мағлұмат берді.
Педагог - психолог Битенова Дина «Көрісу күні» тірек сөзінің мағынасын ашып , «Сәттілік гүлі» тренингін жүргізді .
«Көрісу күні - Амал мерекесі» атты іс - шараға қатысушылар - қол алысып, төс қағыстырып, Амал күні - бір - бірімен қауышу күні - жүректерге мейірім ұяласын деп, ақ дастарқан басында жылы лебіздері мен ақ тілектерін жеткізді.
Көрісу мерекесінде , ас атасы нанға - баса назар аударып, бауырсағымызды паш еттік. Келер ұрпақ - ас атасы нанның қадірін біліп өсуі тиіс.
Үзілісте , «Көрісу мерекесінде» ұстаздар мен білім алушыларға бауырсақ таратылды . Әз - Наурызда : жентіміз, құртымыз, бауырсақты тарту етсек , нұр үстіне нұр емес пе?!
Жаңа күн - жарқын өмірдің бастауы болсын!