05
April
2018
"Əкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер"
Қаратау қаласындағы Д А.Қонаев атындағы орта мектебінде оқушыларды рухани - адамгершілік қасиетке тәрбиелеу мақсатында "Əкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер" атты дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтілді. Дөңгелек үстел басында: қатысушылар "Тәрбие басы - отбасы" аясында отбасы мүшелерінің қарым - қатынасы ,əкенің отбасындағы рөлі,отбасының ұйытқысы - ананың алар орны ,жарасымды сыйластық пен бірлігі жарасқан тыныс - тіршілік түйткілдері туралы еркін пікір алмасты. Ой - зерде орамдары құнды , өзіндік көзқарасы бар, айтар ойы айқын оқушылар Ікіматова Аяулым ,Тұрдияр Меруерт , Рақымбеков Ерболат , Нұртан Əйгерім , Орынбасар Айзия ,Пірəлі Динараның қоғамдағы орын алып отырған кейбір көлеңкелі ,келеңсіз іс - әрекеттерге тосқауыл қою туралы ой - пікірлері бір арнаға тоғысып жатты . Боямасыз өмірде әрбір сәтті бағалап , орны толмас өкінішке бой алдырMay , ұлттық рухани құндылықтарды ұстану , бала тәрбиесінде кеш қалмау - әр ата - ананың басты ұстанымы болуы тиіс. Information кеңістігінде уақыт көшінен қалMay , бауыр еті - баласының қандай әлеуметтік желілерге кіретінін,қандай сайтқа тіркелгендігін қадағалап отырса, баласының болашағына апаратын - нұрлы жол.Əке - асқар тау , ана - көзді бұлақ ,бала жағасындағы құрақ емес пе ?! Ендеше , бала тәрбиесінде кеш қалMayық демекпін.