18
April
2018
"ӨНЕРІҢ БОЛСА , ƏЛЕМДІ ТАНИСЫҢ"
Қаратау қаласындағы Д А.Қонаев атындағы орта мектебінде жоғары санатты сызу жəне бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Көпбосынова Бағира Əлімқұлқызы ҚР The presidentі Н.Ə Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 4 " А" , " Ə" , " Б" сынып оқушылары арасында "ӨНЕРІҢ БОЛСА , ƏЛЕМДІ ТАНИСЫҢ" атты сыныптан тыс жұмысты жоғары деңгейде өткізді .Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру , логикалық ойлау жүйесін дамыту , елестету қабілетін ұштау арқылы шығармашылыққа бағыт беру , өнерді құрметтей отырып , практика мен теорияны қатар игеру көзделді . Сыныптан тыс жұмыс : таныстыру ,сұрақ - жауап , өнерлінің ойы ұшқыр ,жыл мезгілдері , кім ұшқыр , кім шапшаң ? ,кім тапқыр ,кім ұқыпты ? деген 6 бөлімнен түзілді. 4"А" сыныбы "Бояулар" тобы ,4"Ə"сыныбы"Өнерлілер" тобы ,4 "Б"сыныбы "Қарындаштар" тобы ретінде 3 топқа бөлді. Өнер өлкесіне бағытталған сайыстың топ жетекшілері Жайлау Бота ,Қырықбай Кəусар ,Шоқан Назым əр кезеңде өз тобының жеңіске деген құштарлығын арттыра білді.Сонымен бірге ,сайыс барысында 4 - сынып оқушылары Мейірлан ,Жансая , Махаббат озық ойлы ,ойы ұшқыр шəкірт ретінде танылып отырды . Жарыс болған соң ,бір топтың озып , бір топтың кейін келуі өмірдің жазылмаған заңдылығы іспетті . Əділқазылар алқасының шешімімен 4 "Б" сыныбының "Қарындаш" тобы 1 - орынды иеленсе ,4 "А" сыныбының "Бояулар" тобы 2 - орын ,4 "Ə" сыныбының "Өнерлілер" тобы тиісінше 3 - орынды қанағат тұтты.Мектеп оқушыларын бейнелеу өнері пәні арқылы таным деңгейін ұштап жүрген ұлағатты ұстаз Бағира Əлімқұлқызына алар асуыңыз бен шығар биігіңіз , жетер жетістігіңіз көп болсын демекпіз.