"Əкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер"
Қаратау қаласындағы Д А.Қонаев атындағы орта мектебінде оқушыларды рухани - адамгершілік қасиетке тәрбиелеу мақсатында "Əкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер" атты дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтілді. Дөңгелек үстел басында : қатысушылар "Тәрбие басы - отбасы" аясында отбасы мүшелерінің қарым - қатынасы, əкенің отбасындағы рөлі, отбасының ұйытқысы - ананың алар орны ,жарасымды сыйластық пен бірлігі жарасқан тыныс - тіршілік түйткілдері туралы еркін пікір алмасты.