16
апрель
2018
"ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ"
Қазақстан Республикасының "ҮРКЕР" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ" тақырыбында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген Республикалық өнер жəне білім байқауына 6"Б"сыныбында білім беріп жүрген шəкірттерімнің бағын сынауды жөн көрдім . Осы орайда Абдрахманов Расул "Көркем сөз" бөлімі, ал Қалдан Сабина "Жас қалам" бөлімі бойынша қатысты.Шəкіртім Расул Қалқаман Сариннің "АСТАНА" өлеңін мəнерлеп жатқа оқыса , Сабина "Рухани жаңғыруды қалай түсінемін" тақырыбында жазған эссені ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша шəкірттерім екеуі де "АЛТЫН ЖҮЛДЕ" иеленіп,мектеп мерейін асқақтатты. Нəтижесінде,əділқазылар алқасының шешімімен Республикалық байқаудың өтуіне зор үлес қосып, шəкірттерім жоғары нәтиже көрсеткені үшін "ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ" дипломын иелендім. "ҰСТАЗ БАҚЫТЫ - ШƏКІРТ ҚҰРМЕТІ" деген осы емес пе?! Киелі мекен ,бақ орда ,алтын ұя - мектебімнің мерейі асқақтай берсін демекпін