04
октябрь
2018
Ұстаздарға ,мың алғыс !
Қазыналы Қаратау қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде "Өзін - өзі басқару ұйымының президенті Серік Гүлсезім , білім министрі Рақымбеков Ерболаттың ұйымдастыруымен " Ұстаздарға ,мың алғыс ! " атты бәсекеге қабілетті шәкірттерді білім мен тәрбиеге қатар баулып жүрген ұстаздарға деген құрмет көрсетуге бағытталған іс - шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді ." Ұстазым " әнімен , құшақ толы гүлімен қарсы алған шәкірттердің сый - құрметіне , ән шашуына ұстаздар қауымы дән риза болды . " Өзін - өзі басқару ұйымының мүшелері бірі - директор болса , бірі - орынбасары , ал бірі - пән мұғалімі ретінде бейіміне қарай сабақ беріп , өздерінің ұшқыр ойлы ,таным деңгейі жоғары шәкірт екендіктерін таныта білді .Келешек бүгіннен де нұрлы !