22
декабрь
2018
"Көркем сөздің жұлдызы"
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде ҚР Журналистер Одағының мүшесі , ҚР Мәдениет саласының үздігі , Талас ауданының Құрметті азаматы , ақын , әнші - сазгер Үміт Қыранқызы Битенованың шығармашылығына арналған : "Көркем сөздің жұлдызы" атты әдеби - сазды кеш мектеп кітапханасының меңгерушісі Қасымова Сандуғаш пен кітапханашы Абикен Айжанның ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтілді . Кешке Талас ауданы Әкімінің орынбасары Дадабаев Серік Ералыұлы , Талас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Оспанов Пернебек , Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының директоры Кендия Тәшімқызы Пірман , Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының қызметкері , ақын Қамбатыров Ербол Дәулетұлы , мектеп ұжымы , 7 - 11 сынып оқушылары қатысты . Сыр мен сезім үйлесім тапқан әдеби кеште алғы сөз алған Талас ауданы Әкімінің орынбасары Серік Ералыұлының : Тұғыры биік Таластың талантты перзенті , ақын , әнші - сазгер Үміт Қыранқызының ғибратты ғұмыр белестері туралы тебірене отырып жеткізуі - ақынын ардақтаған атпал азаматтың ерекше ықыласы жанымызды жадыратты . Өмірін өлеңмен өрнектеген ақын Үміт Қыранқызының өнер жолындағы әріптестерінің жылы лебіздері , кеш шырайын аша түсті . Мектеп оқушылары Әліпхан Назым , Іңкәрбек Аружан , Тұрдияр Меруерт , Аманкелді Аяулым .т.б. ақын Үміт Қыранқызының жауһар жырларын мәнерлеп жатқа оқыды . Қазақ әдебиетінде жасындай жарқыраған жырларымен айтулы үлес қосқан ақын Үміт Қыранқызымен оқырмандары арасында сыр - сұхбат өрбіді .Сынаптай сырғыған уақыт көшінде , тереңнен маржан теріп , жүрегімен үндесіп жазған төл шығармаларынан ақын Үміт Қыранқызы қалың оқырмандарының сұранысына орай телегей теңіздей төгілте , ерекше тебіреніспен жырдан шашу шашуы - тыңдарман қауымның жүрегінің төрінен орын алып , жүректен - жүрекке жетіп жатты . Кеште әнші - сазгер Үміт Қыранқызының " Ардақты ана " әнін Абикен Айжан орындаса , " Қыздар , ай , қыздар " әнін 5 сынып оқушысы Асылхан Ерсұлтан нақышына келтіре орындады . Көрермендердің сұранысына орай " Ақ қанат көбелек аппақ қар " әнін ақын , әнші - сазгер Үміт Қыранқызы орындап , оқырмандарына тарту етті .Сыр мен сезім үйлесім тапқан кешті мектеп директоры Гүлжамила Жидебайқызы Токбергенова қорытындылады