Түменбаева Сауле Әбдрахманқызы » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Түменбаева Сауле Әбдрахманқызы
01
сентябрь
2020

Түменбаева Сауле Әбдрахманқызы

            Түменбаева Сауле Әбдрахманқызы - 1993 жылы педагогикалық еңбек жолын - Қаратау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда тәлімгер болып бастаған. 

            1994 - 2001 жылдары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.

               2001 - 2006 жылдар аралығында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.

                 2006 жылдың қыркүйектің 1-інен бастап, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

           Түменбаева Сауле Әбдрахманқызы - тәрбие жұмысының жай - күйі мен нәтижелілігін қадағалап, перспективалық мүмкіндіктерін орындау қағидаттарын жүзеге асырады.Сонымен бірге, мұғалімдер мен сынып жетекшілердің тәрбие ісі саласындағы кәсіби біліктілігі мен  оқушылардың тәрбиелілік жағдайын қарауға, өз міндеттерін атқаруға бағыт - бағдар береді.       

       «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне бағытталған, тәрбие   жүйесіндегі жаңа технологияларды қолдану арқылы, бәсекеге қабілетті, шығармашылық қарымы шыңдалған, жеке тұлға қалыптастырудағы еңбегі  ауқымды. Білім алушылардың бойында, жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды  дамытуға, рухани - адамгершілік дамуын қамтамасыз етуде.

           2020 жылы Республикалық «Білім нұры» журналына материал жариялап, білім беру сала сындағы шығармашылық пен еселі еңбегі, өскелең  ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін «Құрмет грамотасымен» марапаталды.

            2020 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы  Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды