26
апрель
2021
Ұлы ағартушы , жазушы , этнограф Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ұлы педагогтың шығармашылығы» атты танымдық сағат
Ыбырай - көрнекті ақын , талантты жазушы !
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , мектеп тәлімгері Қазбекова Алтынай , 9 «А» сынып оқушыларының қатысуымен – Ұлы ағартушы , жазушы , этнограф Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ұлы педагогтың шығармашылығы» атты танымдық сағат өткізді .
Мектеп тәлімгері Алтынай Жолдыбайқызы «Ұлы педагогтың шығармашылығы» атты баяндауында , Ыбырай Алтынсариннің рухани шығармашылық әлемі туралы жан - жақты талдау жасады . Оның қаламынан өн бойындағы , тамаша талабын танытқан , маңызы зор көркем шығармалар туындағаны ; Ол өзінің бар күш - қуатын халықты ағарту , жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсағаны ; Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы , оқу - өнер , білім мәселесімен сабақтас болғаны ; Ұлы педагог - ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың , өнер - білімнің маңызын түсіндіріп , надандыққа қарсы шыққанын айтып өтуі құнды болды .
Танымдық сағатта , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаеаа Сәуле Әбдірахманқызы сөз алып , Ыбырай - жаңашыл жазушы . Ол - қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл . Өнер , еңбек , кәсіп , адалдық , адамгершілік , отырықшылдыққа байланысты , тұрмыс жаңалықтарын кең көлемде көтеріп , европалық мәдениет үлгісін насихаттағанын жеткізді .
Ыбырай әңгімелерін үш топқа бөлуге болатынын ; оның бірі - новелла , екінші тобы - ауыз әдебиетінде қалыптасқан ертегі - аңыз үлгісіндегі әңгіме , үшінші тобы - шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер деп ойын тұжырымдады .
9 «А» сынып оқушылары Нұргелдіқызы Асылмерей , Сералиев Дастанның - ақын , ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығындағы - еңбекке баулитын «Бай мен жарлы баласы» , «Таза бұлақ» әңгімелері туралы айтып , қазақ жастарының сабырлы , мейірімді , қайырымды болса деген ізгі ниетті бағамдауын жеткізулері нақты .
Ыбырай Алтынсарин - ұлы ағартушы , аса қажырлы қоғам қайраткері , өзі өмір сүрген кезеңнің , ең маңызды мәселесін көтерген , жаңашыл жазушы .
Ыбырай Алтынсарин - өмір шындығын , озық идея тұрғысынан таныта білген , нағыз кемеңгер суреткер !
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы
Жамбыл Облысының Білім Басқармасы Рухани Жаңғыру Талас Ауданы Талас ауданы әкімдігі Талас Аудандық Мәслихаты Талас ауданының білім бөлімі Талас Аудандық Орталық Кітапхана