«Адалдық сағаты» - қазақтың көрнекті ағартушы - педагогі , жазушы , этнограф , фольклоршы ғалым , ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына а » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адалдық сағаты» - қазақтың көрнекті ағартушы - педагогі , жазушы , этнограф , фольклоршы ғалым , ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына а
11
март
2021

«Адалдық сағаты» - қазақтың көрнекті ағартушы - педагогі , жазушы , этнограф , фольклоршы ғалым , ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына а

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» - қазақтың көрнекті ағартушы - педагогі , жазушы , этнограф , фольклоршы ғалым , ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына арналып өткізілді .
Қашықтықтан «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы және дәстүрлі білім алушы сынып жетекшілері Қуандықова Райхан , Құлжанова Салтанат , Аликулов Рауан , Әшірімбет Айзада , Керімбекова Гүлзат «Ыбырай Алтынсарин - ұлы дала ағартушысы» сынып сағатын өткізуде белсенділік танытты .
Қазақ даласында білім шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин , бар саналы ғұмырын - қазақ балаларын оқытуға арнаған .Тұңғыш рет балаларға арнап мектеп ашып , ана тілінде оқулық жазған .
Қазақ жастарына білім беруді дамытудың маңыздылығы туралы Ыбырай Алтынсарин «Өсиет өлеңдер» , «Әй , жігіттер» атты туындыларында айқын көрініс табады .Бұл - шығармасында , биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық - қарлықты , әділетсіздікті сынап , еңбексіздікті , ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп , адал еңбектің жасампаздығын , адамгершілік мінез - құлықтың артықшылығын бейнелейді .
«Кел , балалар , оқылық» атты өлеңінде , ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін келтіре келе , білім мен надандықты , жақсылық пен жамандықты қатар алып , салыстырып бейнелеген .
Ыбырай Алтынсариннің шығармалары - заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады . Қазақ даласына - азаттық идеясы тараған тұстағы , жаңа поэзияның бастаушысы , білімнің көшбасшысы , алғашқы ұстазы болған - Ыбырай Алтынсарин тарих беттеріндегі мәңгілік биік белесте тұрары нақты .
Ұлт ұстазы - біздің тарихымызда өшпес із қалдырды . Оның ұстанымы - гүлденген болашаққа нық сеніммен қарайтын білімді жастар болды .
Білім - адам баласының ортақ қазынасы .
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы
Жамбыл Облысының Білім Басқармасы Рухани Жаңғыру Талас Ауданы Талас ауданы әкімдігі Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы ата-аналар кеңесі