16
сентябрь
2019
"Адалдық сағаты"
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде республикалық бірыңғай "Адалдық сағаты" тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған , мектеп оқушыларының өн бойында адалдық пен парасаттылық , рухани құндылықтар мен патриотизмді қалыптастыру мақсатында сынып сағаттары талапқа сай ұйымдастырылып өткізілді . Еркін пікір алаңында өткізілген сынып сағатында "Жемқорлық" ұғымы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп , адал еңбек ету барысы жайында бағыт беріліп , оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдар төңірегінде пікір алмасып , ой бөлісті . Нәтижесінде , сынып оқушылары адал еңбек ету , жасампаз еңбектің көрігін қыздыру арқылы жарқын болашаққа даңғыл жол ашатыны туралы , бақыт кілті - еңбекте екенін түсініп , өздеріне деген рухани қажеттілікті ала білді . Сұлулық символы - еңбекте ! Еңбекпен арманды ардақтап , адал еңбек етіп , өмірді өрнектейік демекпін