11
март
2021
«Тіл - татулық тірегі» тақырыбындағы сынып сағаты
Көркем сөз - көңіл тілі , жалаң сөз - зейін тілі
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , рухани жаңғыру бағытында , қашықтықтан WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы 21 ақпан - Халықаралық ана тілі күніне орай , ақын , қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына бағытталған іс - шара аясында , 10 «А» сынып жетекшісі Қуандықова Райхан Тұңғышқызы «Тіл - татулық тірегі» тақырыбындағы сынып сағатын жоғары деңгейде өткізді .
10 «А» сыныбының жетекшісі Райхан Тұңғышқызы , Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әліпбиінің атасы , түркі тілтану ғылымының ағартушысы болғаны ; Ахметтің мұрағаты - жаңа уақыт , жаңа заманға , халқына қызмет етуде - дей келе , ақынның ұлтым деп соққан жүрегі , үлгі - өнегесі толастамайды деп айтып өтті.
Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымды ойлары туралы жеткізіп , «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры , жұмсайтын қаруының бірі» , «Көркем сөз - көңіл тілі , жалаң сөз - зейін тілі» , «Сөз жазатын адам әрі жазушы , әрі сыншы болуы керек» деген ғибратқа толы ой - зерде орамдарын жеткізіп , мағынасын ашуы сәтті шықты .
Ахмет Байтұрсынұлы - «Ұлттың сақталуына да , жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл . Сөзі жоғалған жұрттың , өзі де жоғалады» - деп оны сақтау үшін айтулы үлес қосқан . Сөйтіп , ол қазақ тілінің әліпбиін , 75 емлесін жасаған . Қазақ тіл білімінің - ішкі заңдылығын ғылыми түрде дәйектеу арқылы , қалыптасуына ықпал еткен . Ахмет Байтұрсынұлы - Ерен еңбегі үшін «Қазақ тіл білімінің атасы» атанған.
Тіл табиғатының бұзылмауы , қазақ тілінің табиғи болмысын сақтау , тіл мәдениеті , оқыту әдістемесі туралы , тың ойлар тастап , ұрпаққа аманат еткен.
Тіл - көңілдің тілмашы!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы
Жамбыл Облысының Білім Басқармасы Рухани Жаңғыру Талас Ауданы Талас ауданы әкімдігі Талас Аудандық Мәслихаты Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы ата-аналар кеңесі