«Қош келдің , әз - Наурыз!» атты мерекелік іс - шара » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қош келдің , әз - Наурыз!» атты мерекелік іс - шара
21
апрель
2022

«Қош келдің , әз - Наурыз!» атты мерекелік іс - шара

Ата - бабам тойлаған, әз-Наурызым , армысың!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , бекітілген тәрбие жоспарына сәйкес , «Қош келдің , әз - Наурыз!» атты мерекелік іс - шара 9 «Ә» сынып жетекшісі Керімбекова Гүлзаттың үйлестіруімен , 1- ауысымда ұстаздар мен оқушыларды мерекелік жыр - шашумен қарсы алудан басталды.
Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру ; ұлтжандылыққа , салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу көзделді.
Білім ұясының спорт залында 9 «Б» сынып жетекшісі Еспенбетова Бағила , 5 «Ә» сынып жетекшісі Қалдарбекова Самалдың үйлестіруімен , Наурыз мерекесінің маңызы , салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпы және де ертеде Наурыз мейрамын тойлау барысы туралы бағыт берілуі құнды болды . Атап айтқанда , ертеде , әр жерде үлкен от жағып , отқа май құйған сәттері ; жаңа өнген жеті дәнге қарап , болашақты болжағаны ; өз үйінің қабырғасына дөңгелек ою ойып «Күн символын» салғаны; кәрі - жастың шаттанып, бір - біріне ізгі тілектер айтқаны; араздасқан ағайын - туыстың сағынысып , қауышқаны туралы жеткізуі сәтті шықты .
5 «Ә» сынып оқушылары «Шашу» биін тарту етсе , 7 «А» сынып оқушысы Құрманәлі Жандәулет «Мен, қазақтың баласы» әнін әуелете шырқады.
Қызыр ата, Тазша бала , Алдар көсенің ел бірлігі мен береке , ризығы мол болсын деген ниетпен ақ батасын беруін сомдаулары сәтті шықты .
9 «Ә» сынып оқушыларының «Қымызмұрындық» дәстүрі туралы көрінісін жылы қабылдады . Сынып жетекшісі Керімбекова Гүлзат Қазыбекқызы.
«Қымызмұрындық» - ұлттық сусынға қатысты дәстүрдің бірі . Қыс өтіп, жазғытұры жеткенде құлындаған бие байланып , сауылады . Қымызмұрындықта бие сауатын үй - оның сүті қорланып ашытылып , екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші - көлемді шақырып, көпшіліктен бата алған .Бұл дәстүр - қонақжайлықты, жомарттық пен мәрттікті, береке - бірлікті білдіреді.
9 «А» сынып оқушылары Нұрланұлы Елдос , Нұржан Нұркеннің орындауындағы Құрманғазының күйі «Адай» сәтті шықты.
Атақты педагог В.А.Сухомлинскийдің: «Ұжымды басқарушыда мынадай үш қасиет қажет болуы керек - ғылымды, педагогикалық шеберлікті , ұйымдастырушылық қабілетті ұштастыра білу» деген ұстанымды ұстанған білім ұясының басшысы Токбергенова Гүлжамила Жидебайқызы - Талас ауданы әкімінің 2022 жылғы 01 наурыздағы № 66-ө өкімі бойынша «Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған болатын . Тағылымы терең , ғибратқа толы іс - шарада , ұлағатты ұстаз Қибаев Нағашбек Игенұлы арнайы құттықтау сөз сөйлеп , төсбелгіні салтанатты түрде тапсырды. «Еңбек етсең еленерсің, өнбегіне кенелерсің» деген осы емеспе?!
Мектеп оқушылары - Наурыз мейрамына қатысты атаулар, наурызкөже, наурыз жыры, наурыз - бата, наурыз - тілек туралы айта келе , ұлттық ойынға да белсене қатысты . Мерекелік іс - шараға қатысушылар, жеті түрлі дәм салып дайындаған наурыз көжеден дәм татып, тарады.
Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Қайда барса , жол болсын!
«Қош келдің , әз - Наурыз!» атты мерекелік іс - шара