ОТБАСЫ - бақыт мекені » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОТБАСЫ - бақыт мекені
24
май
2022

ОТБАСЫ - бақыт мекені

ОТБАСЫ - бақыт мекені
«Кез келген жағдайда отбасы - өткенімізге дәнекер, болашағымызға көпір» - Алекс Хейли
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ -ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күн - қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «15 мамыр - халықаралық отбасы күніне» орай «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында сынып сағатын 6 «Ә» сынып жетекшісі Құлжанова Салтанат, 5 «Ә» сынып жетекшісі Қалдарбекова Самал, 2 «А» сынып жетекшісі Капакова Гүлдана талапқа сай өткізді.
Сынып сағатында, отбасы құндылықтарын құрметтеуге бағыт беру көзделді.
Сынып жетекшілері, ата - анаға, үлкенді құрметтеуге, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеулері туралы айта келе, ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері екендігі, әкеден ақыл, анадан мейірім алатыны, Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы болса, Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы деп ата - аналарын құрметтеуге бағыт берулері құнды болды.
Сынып оқушыларының шығармашылық ізденіс жұмыстарында, түп қазығы - Отаны, ар - намысы - туған тілі, кәусар бұлағының , мөлдір бастауы - ұстазы, қамқоршысы - әкесі, ақылшысы - анасы , жанына сая болар жандар - бауырлары екендіктері туралы ой - толғамдарынан керемет үйлесім тапты .
Сынып сағатында, адам баласының бекзат - болмысы, мінезінің өлшемі - ата - бабасынан алғанында емес, ұрпағына қалдырғанында екендігі байқалды.
Отбасы - адам баласы үшін ең жақын әлеуметтік орта!
ОТБАСЫ - бақыт мекені