"Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық!" ұранымен "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық!" ұранымен "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады
31
июль
2022

"Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық!" ұранымен "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады

"Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық!" ұранымен "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады
2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда, атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Оқушының мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталған .
Акцияның мерзімі: 01.08.2022 - 30.09.2022 жыл