"Бірлігі күшті - ел мықты" тақырыбындағы тәрбие сағаты » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бірлігі күшті - ел мықты" тақырыбындағы тәрбие сағаты
27
апрель
2023

"Бірлігі күшті - ел мықты" тақырыбындағы тәрбие сағаты

Бірлігі жарасқан - Қазақстан!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай "Бірлігі күшті - ел мықты" тақырыбындағы тәрбие сағатын 9"Ә" сынып жетекшісі Серікова Бақыткүл , 8"Ә" сынып жетекшісі Оязбекова Кәмшат талапқа сай өткізді .
Сынып сағатында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні туралы ақпарат беріліп , өзара достыққа, татулықта ғұмыр кешуге бағыт беру көзделді .
Қазіргі таңда , Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілдері мекен етеді. Олар - бір шаңырақ астында тату - тәтті өмір сүріп келеді. Әр ұлт өкілдері - өздерінің тілі, дәстүрі, мәдениеті, ұлттық киімі, ұлттық құндылықтарын құрмет тұтады .
Көп ұлтты болуымыз - басты байлығымыз, мақтанышымыз. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың бірлігі нығая түсіп, елімізде ұлтаралық татулық әрдайым берік болып ,достық, бірлік мәңгі жасай берсін!
Бірлік - біздің қасиетті туымыз!!!
#Бірлігімізжарассын