05
октябрь
2022
5 қыркүйек - «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне бағытталған мерекелік іс - шара
Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттың рухани ұстазы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 5 қыркүйек - «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне бағытталған мерекелік іс - шара шеңберінде «Ұлттың сақталуына да , жоғалуына да , себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен , қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың арысы , ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының - 150 жылдығына орай "Ахмет Байтұрсынұлының мұралары" тақырыбындағы танымдық сағатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі , 8"Ә" сынып жетекшісі Оязбекова Кәмшат талапқа сай өткізді.
Жаңартылған Әліппе - қоғам қайраткері , ағартушы - педагог, қазақ әліпбиінің негізін салған Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесімен шығарылғаны туралы мағлұмат берді . Сынып оқушылары Асылхан Сымбат, Куватбаева Зарина , Турабекова Аяжан Ахмет Байтұрсынұлының авторлық өлеңдерін мәнерлеп , жатқа оқыды .
Кәмшат Керімбекқызы - сынып оқушыларына бағыт бере келе , Тіл жанашыры , ұлттың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының рухани әлемін тілге тиек ете келе , қазақ әліпбиінің алғашқы авторы ; «Тіл - құрал», «Оқу құралы» , «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен хрестоматиялар жазғаны туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп , жан - жақты талдау жасады . Әдістемелік құралдары - қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың қолданысына ие.
Адамдық диқаншысы қырға шықтым;
Көл жоқ , көгалы жоқ - қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың , - деген Ахмет Байтұрсынұлының өлең жолдары, оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспетті. Әділдік пен әділеттіктің үлгісін көрсеткен ақын, адал еңбек қана адам баласының келешегінің нұрлы бастауы, даналық - шексіздікке апарады деп бағыт беруі , бір сөзбен айтқанда, ол бас әріппен жазылған - ҰСТАЗ!
Қазіргі таңда, әділдік пен әділеттіктің үлгісін көрсеткен ақын , ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының парасаттылық , адалдық , даналық туралы бағытын ұстанатын жас ұрпақтың өмірдегі жолы - ашық , даңғыл жол болмақ