«Рухани жаңғыру» бағдарламасына - 5 жыл! » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Рухани жаңғыру» бағдарламасына - 5 жыл!
21
апрель
2022

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына - 5 жыл!

атын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыру талабы
«Ұлттың сақталуына да , жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі» . Ахмет Байтұрсынұлы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына - 5 жыл!
2017 жылдың 12 сәуір күні жарияланған Елбасы Н.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы - қазақстандықтардың салт - санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш болып келеді . Бағдарлама - ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай , жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін даңғыл жол .
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , «Латын әліпбиіне көшу - маңызды қадам» атты ашық тәрбие сағатын 5 «А» сынып жетекшісі Бураханова Анар талапқа сай өткізді.
Сынып сағатында , Латын әліпбиіне көшудің өзіндік ұстанымы туралы ой қозғап , қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ағартушы - педагог, түркітанушы, публицист, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлттың сақталуына да , жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі» деген аталы сөзін тілге тиек етіп , Алаш қайраткерлерінің де , жазба жұмысына латын әліпбиін қолданғанын жеткізіп, Қазақ қоғамы - латын әліпбиінің жаңа графикасындағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдап , әдістемелік тұрғыдан жұмыс жүргізіп отырғанын жеткізуі құнды болды.
Рухани жаңғыру - төл әдебиет пен мәдениетімізді жаңғырту , ұлттық сананы ояту . Жазуды жаңа әліпбиге көшірудің мәдени - әлеуметтік , лингвистикалық, экономикалық , саяси, ақпараттық, педагогикалық себептері бар . Қазақ жазуын латын графикасына көшіру - уақыт талабынан туындап отыр.
Барлық озық технологияның тіліне айналған латын әліпбиіне көшу - еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс . Әлемдік өркениет көшінен қалмай , қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізудің мәні зор.
Жаңа Қазақстанның абыройын асырып, мерейін үстем етер , жаңалық ашар білімділер керек . Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңге жалғайтын , қазақ елінің ертеңгі болашағы үшін жауап беретін - мектеп партасында отырған оқушылар . Әрбір білім алушы - өз елінің байлығының иесі болуы үшін жаңа технологияларды меңгеріп , жаңаша өмір сүрудің жолдарын үйренулері тиіс.
«Сен де , бір кірпіш дүниеге , кетігін тап та бар қалан!» деген дана Абай атамыздың сөзі - барша білім алушылар үшін басты ұстаным болуы тиіс !
Келешек бүгіннен де нұрлы!
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына - 5 жыл!