ағартушы , педагог , жазушы , этнограф , фольклоршы , қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай , «Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әд » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ағартушы , педагог , жазушы , этнограф , фольклоршы , қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай , «Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әд
28
апрель
2021

ағартушы , педагог , жазушы , этнограф , фольклоршы , қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай , «Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әд

Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , кітапхана ісінің меңгерушісі Қасымова Сандуғаш Бақытқызы , кітапханашы Алиева Динара Бақытқызы - ағартушы , педагог , жазушы , этнограф , фольклоршы , қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай , «Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы» тақырыбындағы дөңгелек үстелді барлық санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтап , талапқа сай ұйымдастырып өткізді .
Кітапхана ісінің меңгерушісі Сандуғаш Бақытқызының , өз баяндауында , орыс педагогы Николай Ильминскийдің «Ы. Алтынсаринді еске алу» атты Ыбырай туралы тұңғыш естелік кітабы бар . Ыбырай шығармашылығын танудағы маңызы зор , алғашқы биографиялық естелік , әрі қазақ жазушысы туралы тұңғыш жарияланған еңбектердің бірі деп айтып өтті .
Ыбырайдың педагогтік қызметі мен ағартушылық идеясы туралы Ә.Садықов , Т.Тәжібаевтың кітаптары барлығы ; Қоғамдық әлеуметтік көзқарасы туралы Қ.Бисембиев пен Б. Сүлейменов , М. Ақынжанов зерттеу жүргізгені ; Ал шығармалары туралы М.Әуезов , С. Мұқанов , Ә.Қоңыратбаев , Ә. Дербісалиндердің еңбектер жазғаны ; Мектепке оқулық жазған авторлардың бәрі - Ыбырай шығармашылығына талдау жасап , құнды еңбектеріне тиісті бағасын беріп отырғаны туралы атап көрсетті .
Кітапханашы Динара Бақытқызы , ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен басты еңбектеріне тоқталып , қазақ әдебиеті тарихында , өзіндік орны бар , өзі сүрген заманының - ірі қоғам қайраткері болғаны ; қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы дей келе , қазақ елін - қараңғылық бұғауынан алып шығып , көзін ашып , көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы деп айтуы нақты болды .
Жас маман Сәтекбай Жаннұр өз кезегінде , Ыбырай Алтынсариннің рухани әлеміне тоқталды . Ыбырай Алтынсарин - барлық күш - қуатын халықты ағарту , жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсағанын ; Ақындық шабытына дем , жазушылық қиялына қанат бітірген ұстанымы - қараңғы қазақ халқының көзін ашу , көңілін ояту , озық мәдениетті ел қатарына қосу деп айтуы құнды болды .
Ұлы педагог - ақын өлеңдері арқылы оқудың , өнер - білімнің маңызын түсіндіріп , надандыққа қарсы шыққан . Қазақ балаларын білімге баулып , болашақтың иелерін даярлауды , мақсаты санаған .
Ыбырай Алтынсарин - өмір шындығын , идеялық тұрғыдан танытқан , кемеңгер суреткер!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы
Жамбыл Облысының Білім Басқармасы Рухани Жаңғыру Жамбыл Облысы Рухани Жаңғыру Талас Ауданы Талас Аудандық Орталық Кітапхана Талас ауданы әкімдігі Талас Аудандық Мәслихаты Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі