27
апрель
2023
«Үздік педагог - 2023» тақырыбындағы мектепішілік байқау
Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы
«Өз ойының дұрыстығына , сенімді адамның - сөзі де анық болады».
Бернард Шоу
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , мектеп директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Маханбетова Гүлназ Мұхтарқызының ұйымдастыруымен «Үздік педагог - 2023» тақырыбындағы мектепішілік байқау жоғары деңгейде өткізілді.
Байқауда мұғалімдердің біліктілігін, өз кәсібінің шебері екендігін көрсету арқылы, білім ұясындағы мұғалімдердің ішінен ең үздігін анықтау көзделді.
Байқау кезеңдері 6 кезеңнен түзілді. Мұғалімнің өзін - өзі таныстыруы , /Заманауи үлгіде/; Пән бойынша тест тапсырмасы ; Әр тапсырманың дұрыс жауабы - 1 балмен бағаланды; Е портфолиосы, мұнда, мазмұнының тереңдігі; Ғылыми және әдістемелік құндылығы; Жаңашылдығы; Әлеуметтік маңызы; Көпшілік алдында қарым - қатынас жасай білу барысы сарапталды. Оқушылармен өткізілген бейнесабақ ; Мұнда, тақырыптың ашылуы, ақпарат көздерін пайдалануы, жаңашылдығы, оқушылардың ынтасы мен белсенді іс - әрекетін ұйымдастыра білу шеберлігін көрсетуі қажет; Үй тапсырмасы бойынша/Ұлттық аспапта ойнау, ұлттық тағамдар, мәнерлеп өлең оқу; Эссе жазу.
Байқау ережесіне сәйкес, қоғамдық - гуманитарлық пәндер бірлестігінен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Келерхан Альбина ; Бастауыш сынып бірлестігінен бастауыш сыныптың мұғалімі Капакова Гүлдана; Жаратылыстану пәндері бірлестігінен биология пәні мұғалімі Рәпілбекова Айнұр қатысып, өзара бақ сынады.
«Театр киім ілгіштен басталады...» деген тәмсілге саятын болсақ, таныстыру кезеңінде , Бастауыш сынып бірлестігінен қатысқан бастауыш сыныптың мұғалімі Капакова Гүлдананың - ешкімнен осал еместігі бірден байқалды.
Пән бойынша тест тапсырмасында, бастауыш сыныптың мұғалімі Капакова Гүлдана; қазақ тілі пәнінің мұғалімі Келерхан Альбинаның білім деңгейлері жоғары бағаланды.
Е портфолиосы бойынша мазмұнының тереңдігі, жаңашылдығы, көпшілік алдында қарым - қатынас жасай білу барысында, Жаратылыстану пәндері бірлестігінен қатысқан биология пәнінің мұғалімі Рәпілбекова Айнұрдың сөз саптауы , шығармашылық жұмысы мен отандық білім берудің заманауи ұстанымын айқын көрсете білуімен ерекшеленді.
Оқушылармен өткізілген бейнесабақты көрсетуде , қоғамдық - гуманитарлық пәндер бірлестігінен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Келерхан Альбинаның 5 «А» сыныбында өткізген Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» әңгімесінің желісі бойынша тақырыптың ашылуы, ақпарат көздерін пайдалануы, жаңашылдығы, оқушылардың ынтасы мен белсенді іс - әрекетін ұйымдастыра білу шеберлігін көрсетуі - әділқазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
Үй тапсырмасы бойынша /Ұлттық аспапта ойнау, ұлттық тағамдар, мәнерлеп өлең оқу сатысында , қазақ тілі пәнінің мұғалімі Келерхан Альбинаның жерлес ақын Күләш Ахметованың «Сен - қазақсың» өлеңін ерекше патриоттық рухта мәнерлеп оқып жеткізуімен бірге , композициялық шоу жасау арқылы көрермен қауымға рухани қуат - күш бере білуімен ерекше дараланды.
Әділқазылар алқасының шешімімен байқауға қатысушы мұғалімдерге «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбындағы эссе жазу тапсырылды. Мұнда, ойын нақты жеткізу , сауаттылығы, дәлелділігімен ерекше дараланған биология пәнінің мұғалімі Рәпілбекова Айнұрдың - ой өрісінің кеңдігі, өмірдегі өз ұстанымын арқау етіп, өз ойын жеткізе білуімен жоғары бағаланды.
«Жүйріктен - жүйрік озар жарысқанда» деген. Байқау болған соң, біреуінің озып, біреуінің кейін келері өмірдің жазылмаған заңдылығы іспетті. Әділқазылар алқасының шешімімен 3 - орынға биология пәнінің мұғалімі Рәпілбекова Айнұр табан тіресе , жүлделі 2 - орын қазақ тілі пәнінің мұғалімі Келерхан Альбинаға бұйырды. Ал, жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар танылған бастауыш сынып мұғалімі Капакова Гүлдана 1- орын иеленіп, «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңінің жеңімпазы ретінде танылып, аудандық «Үздік педагог» байқауының ІІ кезеңіне жолдама алды.
Барлық қатысушы мұғалімдерге мектеп директорының Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Қадірлі, Гүлдана Төлегенқызы арман асуы алдыңнан ақ жолын ашсын!!!